Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарымызды назардан  тыс қалдырмай ,     биыл 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Осыған орай  "Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Парасатты жастар - тәуелсіздігіміздің тірегі»атты сұрақ – жауап кеші өткізілді. 

Сыбайлас жемқорлық еліміздің алға басуына кедергі келтіреді және біздің қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан осындай қатерді болдырмау үшін,  Жезқазған қаласының мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, №11 орта мектептің 10 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық-қоғамды жайлаған індет» атты айыптау сағатын өткізді.

          С.Сейфуллин атындағы кітапханада еңбек ардагері, тіл жанашыры, спорт ардагері Асқар Ермекбаевтың өлкетану, шығармашылық жолдағы еңбектерінің ұлықтау рәсімі және «Бұзау болыс» кітабының тұсаукесері өтті. Ардагер ағаның жүріп өткен жолдары мен жылдары туралы «Өмірім бар жылдардың өзегінде» атты бейнебаян көрсетілді.

            5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді .Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Осыған орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Қ. Шыңғысов атындағы 5 жалпы білім беретін орта мектебіне барып," Ана тілім - дана тілім" атты поэзиялық марафон ұйымдастырды. Поэзиялық марафонға 10"А" сынып оқушылары ат салысты. Іс шара барысында бір топ мектеп оқушылары тіл жайында өлең оқыды,сонымен қатар, мектеп ұстаздары тіл мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатты. Кітапханашы Қ.Қожырбаева "Тіл - ұлы байлық " атты кітап көрмесіне шолу жасады. Тіл мерекесіне арналған іс - шара өз деңгейінде өтті.

 
Пікір білдірді (1) Қаралды: 45

              N2 үлгілі кітапхана-филиалы жас оқырмандарды кітапханамен таныстыру мақсатында "Білімді мыңды жығар" Білім күніне орай ашық есік күнін өткізді. N11 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары келіп, кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты. Оқушылар кітапхана бөлімдерімен, ережесімен, кітап қорымен, каталогпен жұмыс т.б. көріп білді. Балалар бөліміндегі қызықты, таңғажайып, ертегі кітаптар балаларға өте ұнады.

Пікір білдірді (1) Қаралды: 37