bannersa207 bannersa208

    Әдебиетті насихаттау барысында М.Әуезов атындағы кітапхананың оқырмандар залында барлық оқырмандар тобымен  және «Жас толқын» поэзия клубының қатысуымен «Әлем мойындаған Әуезов» атты әдеби композиция өтті.

Шараның тізгінін «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері Ажибаев Берген мен Рахым Алуа тізгіндеді.

Келген қонақтар жазушының өмірінен сыр шертетін «Ұлылыар туған өлке» атты бейнероликти тамашаласа , Ұлы тұлғаның жанды дауысын есту бақыты да оқырмандарға бұйырды. «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері Фазыл Мөлдір мен Бекмырзаева Әйгерім өздерінің Мұхтар атасына шығарған өлеңдерін оқыса, ЖГК студенттері Ұлы ғұламалардың Әуезов туралы айтқан сөздерін, арнаулар  оқыды.Әнмен шашу шашылып, күмбірлеген күй тыңдалды.

Шара барысында  Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметі, шығармашылығынан мағлұмат «Әуезов және Алаш», З. Қабдорлдың «Әуезов», Г.Пірәлі «М.Әуезов кітапхана», «Әдеби өмір шежіресі» кітаптары арқылы берілді.Қазақ әдебиеті және Егемен Қазақстанда жарияланған  Н.Оразовтің «Абыз ақсақал», Ә.Кекілбаевтің «Алашты әлемге паш еткен Абай жолы» атты мақалалары арқылы ,«Абай жолы» эпопеялары мен 50 томдық М.Әуезовтің шығармаларын оқырман қауымға насихатталды.Іс-шарада жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқырмандардың білімдерін жүйелеу, қызықты да қиын тағдырға толы жазушы өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету, эстестикалық тұрғыда тәрбие қалыптастыруы көзделді.

Іс-шараға арнайы шақырылған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Бектурганова Жанар туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер екендігін оқырмандарға айтып өтті.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik