Латын әліпбиі - заман талабы. Бүгінгі таңда оның маңызы аса зор. Жаңа технология да, болашақ инновация да латын тілінде. Ендеше көштен кеш қалмауымыз үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет.
   2017 жылдың 27 қазанында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойылды. Жарлық негізінде 2025 жылға дейін латын графикасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
   "Әлемдік ақпарат кеңістігі жаңа технологиялардың енуінен тез транформацияланып жатыр. Біздің балаларымызға жаңа реалийге ену керек, себебі негізгі ақпараттық ағын латын графикасына сүйенеді. Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолға алынып отыр.
  Сондай-ақ, біз латын жазуына кезең-кезеңмен, асықпай, орталықазиялық мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып көшеміз. Себебі әңгіме тек кирилл графикасынын латынға ыңғайлап қою да емес, қазақ тілі орфографиясының реформасы туралы болып тұр. Мұнымен қоса, қазақ әдебиеті классикасының барлық дерлік маңызды шығармасы кирилл графикасымен жазылғанын ұмытпау керек. Қазақтың бірнеше ұрпағы кирилл жазуымен білім алды және алып жатыр. Сондықтан асықсақ үлкен іске кедергі болады, бұл іске парасатпен қарау керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
   С.Сейфуллин атындағы кітапханада "Латын әліпбиі - бірегейлік пен жаңғыру негізі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін тамашалауға Жезқазған политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Сонымен қатар студенттерді кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында шолулық экскурсия өткiзiлдi.
 
 "Латын әліпбиі - рухани тәуелсіздік жолы" виртуалды кітап көрмесі   
 
98765