Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде бастау алған «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қолдайтынын білдіріп, карантин кезінде оқуға 30 кітаптың тізімін ұсынды.

    «Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында.

     Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін.

    Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн»,- деп жазды Тоқаев.

P.S.Тізімдегі кітаптарды кітапхана қорынан ала-аласыз.


Президент ұсынған 30 кітап:

1.Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері.

2. Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық трактатттары.

3. Мұхтар Әуезов . «Абай жолы»

4. Әбіш Кекілбаев. «Үркер» және тағы басқа шығармалары.

5. Ілияс Есенберлиннің шығармалары

6. Оралхан Бөкей. «Ұйқым келмейді».

7. Әбді-Жәміл Нұрпейісовтің шығармалары.

8. Қабдеш Жұмаділов. «Дарабоз», «Тағдыр».

9. Мұхтар Мағауин. «Аласапыран».

10. Дулат Исабеков. «Қарғын».

11. Ілияс Жансүгіров өлеңдері

12. Әкім Тарази шығармалары

13. Роза Мұқанованың пьесалары.

14. Смағұл Елубай. «Ақ боз үй» және тағы басқа шығармалары.

15. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері.

 

Әлемдік әдебиет:

16. Федор Достаевскийдің шығармалары.

17. Лев Толстойдың шығармалары.

18. Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары.

19. Иван Буниннің шығармалары.

20. Эрих Мария Ремарк. «На западном фронте без перемен».

 

Публицистика, ғылыми-танымдық әдебиет:

21. Николо Макиавелли. «Государь».

22. Алексис де Токвиль. «Демократия в Америке».

23. Жан Монне. «Реальность и политика».

24. Ли Куан Ю. «Из третьего мира – в первый». История Сингапура (1965-2000)».

25. Наом Хомский. «Создовая будущее».

26. Мэтью Барроуз. «Будущее: Рассекречено. Каким будет мир в 2030 году».

 

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған шығармалар:

27. Энтони Кенни. «Батыс философиясының жаңа тарихы».

28. Клаус Шваб. «Төртінші индустриялық революция».

29. Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон. «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәескелік артықшылыққа ұмтылу».

30. Росс Данн, Лора Митчел. «Panorama: Дүние жүзі тарихы».

98765