bannersa207 bannersa208

                          Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды.Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын  насихаттауға арналған Кеңгірдегі № 5 үлгілі кітапхана –филиалында «Әке – асқартау» атты ауған жауынгерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Ауған жауынгері Әбілқасенов Темірғали және ауған жауынгері марқұм болған Исенғазиев Зариптің жұбайы Алимова Жұлдыз, кітапхана оқырмандары, «Өркен – Сауле» қоғамдық бірлестігі, әкімшілк мамандары, ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Арыстанбеков Оразбай қатысты. «Ауған отын шарпыған» атты слайд көрсеті дайындалды, онда ауған соғысының ардагерлері Исенғазиев Зарип Қайыржанұлы, Қожахметов Арман Төлешұлы туралы деректер көрсетілді. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 29 жыл болғаны. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілгені. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізілгені туралы мағұлматпен кешті ашты. Кешімізде ауған жауынгерлерінің балалары, немерелері жанұяларымен өздерінің өлеңдерімен, әндерімен шашу шашты. Кездесу барысында барысында тарихқа куә болған жауынгерге сұрақтар қойыла отырып, тарихқа бір сәт шолу жасалынды. Кітапхана оқырманы Алиева Бақыт, Жәнібеков Әбдірәш «Ауған жаққан алау жыр» атты өлеңін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы ауған соғысының хронологиясын келген қонақтарға слайд арқылы көрсетті. Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздік жарияланып еске алынды. Әбілқасенов Темірғали ардагерімізге кітапханашы дайындаған кітап жинағын сыйлады. Әбілқасенов Темірғали «Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе осы кітапханаға еңбегі биіктен көрінсін деп ризашылығын білдірді. Асқар Дәулеттің орындауында «Балбырауын» күйімен аяқталды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik