bannersa207 bannersa208

                 Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының 7 бағытында көрсетілген «Адами капитал -жаңғыру негізі» аясында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдинетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек» – деп Елбасы айқындап берген. Осы бағытқа орай 6 наурыз күні ОКЖ-сінің №- 9 үлгілі кітапхана филиалы «АНА ҮЙІ» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Ана бақыты-бала бақыты» атты мерекелік арулар байқауын өткізді. Мерекелік арулар байқауына «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Гүлмира Каженова, «Нұр Отан» партиясының қызметкері Ерман Абдулов, «Томирис» әйелдерді қолдау орталығының төрайымы Предеина Валентина Николаевна, «Жастар одағы» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Ақжан Әбілдина, кәсіподақ комитетінен Раушан Құрмашқызы, ОКЖ-сінің директордың орынбасары Ерлан Ермакұлы, «Бексейітова» ОДА-сының медбикесі Фарида Искаримовна, «Дидар» телеарнасы, «Жезказганский вестник» газетінің тілшілері қатысты. Осыдан 2 жыл бұрын құрылған «АНА ҮЙІ» қоғамдық қордың жетекшісі Гүлмира Ескенқызы Пирекенова 48 қыз-келіншекке қол ұшын бергендігі жайында айтып өтіп, мерекемен құттықтады. Мерекелік байқау «Ана үйінің» гимнмен ашылды. Байқау: «Таныстыру», « Білімді мыңды жығар» (Мақал-мәтелдер), «Салт-дәстүрді білесіз бе», «Өнерлі өрге жүзер» (Үй тапсырмасын орындау), «Дәм думан», «Бала бауыр етің» (бала күтімі) кезеңдерінен тұрды. №9 үлгілі кітапхана –филиалының «Өрлеу» клубының мүшесі Аяжан Әжібек М. Мақатаевтың «Әйелдер-ай», кітапханашы Тілек Молдағалиқызы Сабыр Адайдың «Қазаққа біткен арулар» өлеңдерін оқыды. Мерекелік арулар байқауы «Аяулы жандар-асыл аналар» кітап көрмесіне шолумен жалғасты. Байқау соңында қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, сайысқа қатысқан аруларды номинациямен марапаттады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik