bannersa207 bannersa208

 Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамына орай №7 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында «Наурыз-ұлт құндылықтарының бастауы» атты салт – дәстүр кеші өтті. Іс-шараға ОКЖ-сінің барлық қызметкерлері және оқырмандары қатысты. Салт – дәстүр кешін №7 «Айгөлек» бөбекжайының ересек «А» тобының бүлдіршіндері «Домбыра – дастан» би шашуымен ашты. Қаламызда уақытша өмірдің қиындығына тап болып қамқорсыз қалған ана мен балаға арнайы ашылған «Ана үйі» қоғамдық қор үйінде тәрбиеленуші Айша, Әмина атты бүлдіршіндердің тұсауын «Лира» мәдениет үйінің директоры Чантуев Мәлік және кітапханада көп жыл қызмет етіп келе жатқан, кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің кітапханашысы Арыстанбекова Зағила апай кесті. Т.Қалмағанбетов атындағы филормонияның әншілері Нигматуллина Нүрия, Бакибаева Мира, музыкалық колледждің 1 курс студенті Хамитов Нұрлыбек, №11 мектептің 8 сынып оқушысы Қалиева Қорлан әнмен шашу шашып, күймен күмбірлетті. Дастархан жайылып мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Салауат айтылды. Келген қонақтарға ОКЖ директоры Түгелбаева Ғалия Өмірзаққызы сый-сияпат алғыс хаттар беріп, ризашылығын білдірді. Кеш соңында «Лира» мәдениет үйінің директоры Чантуев Мәлік бата берді, наурыз мерекесі «Армысың, жыл басы – Наурыз!» -кітап көрмесімен « Ұлттық қолөнер –ұрпаққа ұлағат» атты қолөнер көрмесін тамашалаумен өз жалғасын тапты.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik