bannersa207 bannersa208

 «Өнер таусылмас азық,байлық» дейді ғой халық даналығы. Қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Балалардың көктемгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ОКЖ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Керемет шеберхана» үйірмесі мүшелерімен «Шебер қолдар» атты шебер сыныбын Балалар мен жасөспірімдер сарайының «Макраме» үйірмесінің жетекшісі Құралай Болатқызы Бабасовамен өткізілді. Шебер сыныпта Құралай Болатқызы балаларға макраменің шығу тарихы туралы айтып, қолөнер ерекшеліктері туралы түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулыды. Ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қайталанбас мұраларының бірі киіз үйдің жіптен жасалған бұйымдары туралы, өру арқылы жасалатын ат әбзелдері жайлы айтты. Сонымен қатар, оқырмандарға жіп пен моншақтан өрілген білезік жасау әдісін үйретті. Көз қорқақ, қол батыр демекші, бір сағат ішінде балалар өру технологиясын меңгеріп, бір-бірлеріне көмек беріп жатты. Макреме өнері балаларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тазалыққа, тәрбиелейді.

Кітапханада «Шебер қолдар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Макраме»,   «Изобразительное искусство и ручной труд», «Простые поделки без помощи мамы» т.б. кітаптары, «Хан талапай», «Балалар әлемі» балалар журналдары мен Құралай Болатқызының жасаған бұйымдары мен түрлі сайыстарды алған мақтау қағаздары қойылды. Көрмеге кітапханашы Жанель Досетова шолу жасады.

Шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты әстетикалық тәрбие беріп жүрген Құралай Болатқызына ОКЖ-нің директоры Ғ.Түгелбаеваның атынан алғыс хат тапсырылды. Іс-шара соңында балалар өздері жасаған бұйымдарын тағып, естелік суреттке түсті.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters

Ой-пікір білдіргендер

1926 жылы Баку қаласында өткен «Бірінші Туркологиялық Құрылтайдың» төралқа мүшесі кім болған?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

QR код