bannersa207 bannersa208

 С.Сейфуллин атындағы кітапханада Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері, еңбек ардагері, медицина ғылымдарының кандидаты, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Өмірбек Мұқанұлына арналған «Тұғыры биік парасатты тұлға»  атты  кездесу кеші өтті. Іс-шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, медициналық колледж студенттері, БАҚ өкілдері мен кітапхана қызметкерлері  қатысты. «Азамат туған жерімен тұғырлы, халқының салт-дәстүрімен ғұмырлы. Дәстүр – атадан балаға мұра болып келе жатқан халықтың өмір сүру қалпы, көзқарасы, талғамы, түрлі ұлттық ерекшеліктері мен бір халыққа тән тіршілік барысында қалыптасқан тұрмыс заңы»- дейді  Өмірбек Мұқанұлы « Бабалар тағылымы» атты кітабының алғысөзінде. Осы орайда қазіргі таңда ұмыт болған, яғни Өмірбек Мұқанұлының «Бабалар тағылымы» атты кітабына енген «Құттық», « Шарғы салу» салт-дәстүрлері көрсетілді. Зиялы қауым өкілдері екі бірдей ғасырды басынан өткізіп, соның куәгері болып отырған абыз ақсақал Өмірбек Мұқанұлына ақжарма тілектерін жеткізді. Тайжан Қалмағамбетұлының ұрпаққа қалдырған асыл мұраларын дәріптеу, биік шоқтығын оқырманға жеткізу мақсатында Өмірбек Мұқанұлының «Дала дауылпазы – ақын Тайжан» атты кітабы жарыққа шықты. ҚР еңбек сіңірген әртісі, Т.Қалмағамбетов атындағы филомания әншісі Ғалым Мұхамедин Тайжанның «Жомарт Тайжан», «Сақ – сақ» әндерін орындады. Кітапхана қызметкерлері Өмірбек Мұқанұлына арналған Н.Бәрменбаеваның « Өмірбектің алпысына арналады», С.Қожамсейітов пен Қ.Сихымбаевтың « Өмірбекке», Ғ. Ештанаевтың « Өмірбек Мұқановқа», И.Бекмахановтың « Өмекеңе» атты арнауларын нақышына келтіріп оқыды. Талайды өз құдіретімен мойындатқан, талайды шипалы емімен таңырқатқан үлкен жүректі адам Өмірбек Мұқанұлына арналған « Ізгілікке толы өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Білгенім – теңіздің тамшысындай ғана, сол тамшы еккен гүліміздің тамырына нәр болып жатса, арман жоқ. Бабалар биігі аласармасын, тағылымы  тозбасын» - деген тілекпен кешті орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Түгелбаева Ғалия Өмірзаққызы қорытындылады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik