bannersa207 bannersa208

    2018 жылғы 17 сәуір күні М.Әуезов кітапхана-филиалында Ел басы Жолдауы аясында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің  жолдауына арналған «Елбасы жолдауы-халықтың ертеңгі арманы» атты дөңгелек үстел өтті.
    Кездесуге
Жезқазған индустриалды колледжнің тарих пәнінің ұстазы Зияда Жансая Еркін қызы мен ДС-15 тобының студенттері қатысты.
    
Дөңгелек үстелде кітапханашы Айтпаева Айдана Қайратқызы кіріспе сөзімен бастап, Жолдаудағы басты мәселелерге тоқталды. Іс-шара барысында Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттерге қатысты Жезқазған саз колледжнің студенті Сайдалин Думан жолдауға байланысты өз пікірін білдірсе, тарих пәнінің ұстазы Зияда Еркін қызы Жолдауда айтылған негізгі де нақты мәселелерге сондай-ақ, реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын оқырмандарға түсінікті етіп жеткізіп берді. Әсіресе, Жолдаудағы  Елбасының алдымызға қойған 10 міндетіне, соның ішінде оқу-ағарту саласын қамтитын «ЖЕТІНШІ» Адами капитал - жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасына тоқталды.Болашақ жастарға Елбасының жолдауы-болашағымыздың нұрлы жолы екенін жете айтып түсіндірді.

          Осы ізгіліктің жалғасы ретінде, наурыз айында Елбасының «бес әлеуметтік» бастамасы» атты халыққа Үндеуі жарияланды.Кітапхана қызметкерлері Үндеуді оқып, үндемей қалмады. Отырыста кітапхана меңгерушісі Махмутова А.Ж бес бастаманың бірінші бастамасы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктеріне» тоқталып өтсе, «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» екінші бастамасына кітапханашы Айтпаева Айдана, ал үшінші, төртінші бастамаға кітапханашы Жанибекова А.Б, бесінші бастамаға кітапханашы Оспанова Г.Х тоқталып өтті. Кеш барысында оқырмандар өз пікірін бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында кітапхана ұжымы Елбасының тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойып отырған бұл Жолдауын бір ауыздан қолдайтындарын білдірді.
Осынау ұлы жолдағы істеріміз сәтті, болашағымыз кемел де жарқын бола берсін!


Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

  • Қонақ - Жансая

    Мен Зияда Жансая Еркінқызы осындай игі іс шаралардың студент жастармен талқыға түскеніне М.Әуезов атындағы кітапхана ұжымына рахмет айтқым келеді.

    Short URL:
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik