bannersa207 bannersa208

 

Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен С.Сейфуллин атындағы кітапхананың 45 жылдық мерейтойы аяcында 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап фестивалі өтті.

Кітап фестивалінің шымылдығын  «Шашу» халықтық би ансамблі ашып, алғашқы құттықтау сөз кезегі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қ.Р. Мәдениет қайраткері  Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызына берілді. Іс-шараға  кітапхана  ардагерлері Зағипа Абжаппарқызы Капизова, Ғайни Асылбекқызы Ержанова, Шарипа Құрманқызы Капкеева, Калия Әубәкірқызы Бекетова,  Наушагүл Карбозқызы  Жансейтова, Балхия Боташқызы Асаубаева,  Капиза Бөртебаева және оқырмандар қатысты.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Уық шаншыған Ұлытау» атты кітапқа арналған флешбукпен  кітап фестивалімізді Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі бастады. Рухани жаңғырудың бір кепілі – сирек кітаптар. Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі «Көне кітаптарға  көз жүгіртсек» атты тақырыппен  көне кітаптарды  сөйлетті. Поэзия жанрындағы «Жауһар жырды жүрегінде тербеген»  атты жыр жауһар мекеніне  М.Әуезов атындағы кітапхана – филиалымен саяхаттап қайттық.

 «Мәдени мұра» еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігінен туындаған, «Бабалар сөзі» жүз томдық топтамасы – ұлттық бренд. С.Сейфуллин атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің : «Бабалар сөзі –даналық көзі» атты әдеби керуенін тамашаладық.

№7 кітапхана – филиалы кешегі сатираның жүгін көтеріп өмірден өтіп кеткен аға буыннан бүгін арамызда аман-есен қуатын қаламына сүйеп жүрген ағаларымыз әдебиетке сүбелі үлес қосуда екенін «Сатира саңлақтары» атты кітап көрмесі арқылы жеткізді.                

Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше  жанр.  Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі болып табылатындығы және шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау да ерекше айтып кеткендігі туралы  «Көркем тілмен тапқырлық» атты әдеби композиция арқылы № 2 үлгілі кітапхана –филиалы жеткізді.

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Ұлт тарихы - өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы» деген ұлағатты сөзі өмір-сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрған бізге бағдаршам іспеттес болуы керектігін  №9 үлгілі кітапхана – филиалының  «Самғатқан сан қыранды туған өлкем» атты библио кафесінде қонақта болғанда сезіндік.

  Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Ертегілердің тәтті дәмі» атты  ертегілер еліне саяхаттағанда көрдік.

Ақпараттты –библиографиялық бөлім кітапханалар шығарған библиографиялық құралдарын насихаттау үшін « Кітапхана желісі – инновация игілігіне» атты көрмесін ұсынды.

Кітап фестиваліне Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармониясының әншілері Перизат Несіпбаева мен Берік Арыстан әннен шашу шашты. Кітапхана ардагерлерінің атынан Зағипа Абжаппарқызы Капизова, Ғайни Асылбекқызы Ержанова, Шарипа Құрманқызы Капкеева ақ тілектерін білдірді.

Кітап фестивалін кітапхана директоры Ғалия Өмірзаққызы қорытындылап, оқырмандарға Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Алғыс хатымен, Жезқазған қаласының мәдеиет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хатымен кітапхана бөлімдерін және кітапхана –филиалдарын Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Сүлейменқызы Нұрлыбаева марапаттады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik