bannersa207 bannersa208

Елбасының сындарлы саясаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында М.Әуезов кітапхананың ұйымдастырумен  Кеңес үкіметі және қоғам қайраткері небарі 30- ақ жыл өмір кешкен Жаңарқа ауданының тумасы Шабден Ералиевқа 120 жыл толуына орай «Тарих толқынындағы тағдыр» атты ұрпақтарымен кездесу өтті. Бұл іс шараға «Жас Отан» ЖҚ басшысы Абай Бағчай Арыстанбекұлы,  Жас Отан белсенділері және колледж студенттері,  Ш.Ералиевтің ұрпақтары Қарағанды қаласынан інісі Амангелді Ералиев, немересі Әбілбек Дуанбек, шөберелері Қайрат Ералиев қатысып, аталары туралы  мол ақпарат берді.

Ш. Ералиевтің шөбересі Секенов Сенбі Жолкенұлы  Шәбден Ералиевтің ұрпағы Манат Сейілбекқызының мұрындық болуымен жарық көрген, «Тарих толқынындағы тағдыр» атты кітабын ОКЖ-нің директоры                                  Ғ.Ө. Түгелбаеваға тарту етті.

  Шабден Ералиевтің өмірінен сыр шертетін бейне ролик пен «Жалынды күрескер, жасампаз тұлға» аты фото көрме ұйымдастырылып, іс –шара барысында насихатталды.

Кездесу барысында «Ұлытау үні» фестивалінің көркемсөз оқу шеберлері сайысының Бас жүлде иегері Үсен Бекжігіт Мағжан Жұмабаевтің  «Абақтыда» поэмасынан үзінді оқыды, «Ераливке арнау» атты өлеңдер топтамасын «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері орындады.

Сонымен қатар Ш.Ералиевтің шөбересі саз колледжнің оқытушысы, әнші Сағымбай Мәлібеков және Шәбден Ералиевтің жерлестері Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары Ғалым Мұхамединге, Береке Көшенов сөз сөйлеп, әннен шашу жолдады.

Отыз-ақ жыл ғұмыр кешіп, сол қысқа ғұмырында өз ісіне адал болуға күшін салған, жаңалыққа, жақсылыққа жаны құмар болған әйтсе де жұмбақ өлімі әлі күнге талайды толғандырып келген Шабден Ералиев жайында мол мағлумат берілді.

Тәуелсіздік тұғырын бекіткеннен кейін, Елбасының ұдайы көңіл бөлуімен қазақ зиялыларының халық таныған абзал ұлдарының есімі халықпен қайта қауышып, олардың рухани мұралары халықтың  игілігіне айналуда. Осындай даналарымыздың ерліктері келешек ұрпақ үшін өшпес мұра.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының халық әртісі, Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әншісі Береке Көшенов «Толағай» әнімен аяқтады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik