bannersa207 bannersa208

 

1 маусым - Балаларды қорғау күні, бұл ең жақсы және  қуанышты мереке болып табылады. Бұл күннің жақсы өтуі, есте қалуына үлкендердің тигізетін ықпалы зор. 

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Бар мейріміміз балаларға» атты балалар мерекесі ұйымдастырылды.

Бұл мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі.  Іс-шараға «Лира» мәдениет үйі, №14  «Балдырған» және №6 «Балауса» балабақшаларының тәрбиеленушілері мен кітапхана оқырмандары,  ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Кітапханашылар мерекеде кітапхананы  түрлі–түсті шарлармен безендіріп, музыкалық әуендер  ойнатып,  балаларды  көтеріңкі көңіл-күймен балаларды клоундар мен аңдар кейпінде қарсы алды.

            Кітапхананың тұрақты және белсеңді жас оқырмандары Сәбит Мөлдір, Қыпшақбай Арыстанбек, Дәріпбек Айару, Жұмағали Али балалық шақ туралы өлең-жолдарын мәнерлеп  оқыса, Балабиева Ақбота мен Жұмағали Айша «Көбелек» , «Балалық шақ» әндерін орындады.

Балалармен әр түрлi байқаулар мен көңiл көтеретiн ойындар  өткiздi. Әрбiр байқауға қатысқан көрермен балалар мен өнер көрсеткен балаларға тәттi сыйлықтар таратылды.    Кітапханада «Ғажайып ертегілер елінде» атты дәстүрлі емес кітап көрмесі ұйымдастырылды.

             Мерекеде шаттық күлкіге кенелген әр балаға «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі атынан балмұздақ таратылды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

QR код