bannersa207 bannersa208

    «Балаға мейірімді – кітапхана» атты әуенді кеш Кеңгір селосындағы №5 үлгілі кітапхана – филиалында жас бүлдіршіндермен, олардың ата – анасымен және ата –әжелерінің қатысумен өткізілді.  Кешті  ауыл әкімі Қанағат Байжанұлы ақ тілегімен ашып,  мереке аясында ауған ардагері ауыл тұрғыны Әбілқасен Темірғали жұбайы, кітапхананың «Өркен»  қолөнер клубының мүшесі Әбілқасенова Бибігүлді «Ана жүрегі» орденімен марапаттады.   Сонымен қатар, спорт денсаулық кепілі дей отыра, кітапхана қызметкері Сәуле Сәдірқызы ауылдың мақтан тұтатын жас спортшылары, бокс шеберлері  студент   Асқарова Асыл,  №2 орта мектеп оқушысы    Бақыт Алиханға арнап  кітапхана атынан  дайындаған  кітапшасын табыс етті. Әуендік кешті Қаһарман Дәурен «Анашым» әнімен жалғастырды.  Айдос Жансезім «үнді» биін биледі. Мерей, Мирас, Кәусар  үшеуі бірігіп «Тұлпарым» әнін нақышына келтіріп орындады. Әуенді кеште жас бүлдіршіндер өздерінің өнерлері жарыса орындады.  «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесімен таныстырылды.    Көрмедегі ертегілерге, балалар әдебиетіне, мерзімді басылымдарға қызыға  тамашалады.   Іс-шараға қатысқан балаларымызға сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара жалғасы далада болды. Балаларға арналып құрылған батут,  сауда-саттық  жүріп жатты. Асфальтқа балалар суреттер салды. Сурет салған балаларға да сыйлықтар табыс етілді. Музыка қойылып ата – аналар би биледі. Кеңгір селосындағы  «Асия», «Айна» дүкендерінің қожайындары және мектеп асханасының меңгерушісі Асия ханым  бірігіп балмұздақтарды тегін таратты.  Шағын кәсіпкер Ибраева Гүлсара балаларға кітапша сыйлады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik