bannersa207 bannersa208

 

«Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің № 2 үлгілі кітапхана-филиалында 2018 жылдың 8-қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Шығар тауың биік болсын, туған тіл» атты поэзиялық марафон мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шара әнұранмен басталды. Жүргізушілер жиналған қонақтарды құттықтап, тіл туралы қысқаша мағлұмат айтып, келесі жылдан бастап тілдер мерекесін Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, 5-қыркүйекте тойлайтынын хабардар етті. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі ретінде «Маруа Құлұшева» атындағы балалар үйінің оқушылары В.Рустамова, А.Сайфутдинова, М.Вепрейчук қазақ тілінде өлеңдер оқыды. Іс-шараға қатысушы № 11 орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары Б.Бәрменше, Ж.Тұрсынова, Д.Макуповалар да тіл туралы өлеңдерін нақышына келтіріп айта білді. Ж.Жарқын мен А.Болатбектің орындауындағы ән мен күй де жиналған қонақтардың көңілін серпіп тастады. «Кім көп біледі?» бәйге сұрақтары ұйымдастырылып, оқушылар тілге байланысты білімдерін де көрсете білді. Кеш соңында іс-шараға қатысушылар грамотамен марапатталды. Көрмеге А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы», М.Серғалиевтің «Тілім менің – тінім менің», Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», С.Оразалиновтың «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «О языках в Республике Казахстан» т.б.кітаптар қойылып, оқырмандарға таныстырылды.  

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik