bannersa207 bannersa208

 

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріcеді. 1- қазан қарттар күні мерекесіне орай Кеңгір ауылындағы №5 үлгілі кітапхана- филиалында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Өркен» қоғамдық бірлестігінің ақ әжелері, ауылымыздың ақсақал аталары қатысты. Іс-шараны «Өркен» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Абылқасенова Бибігүл «Туған жер» әнін шырқап ашып берді. Ауыл әкімі Жанпеисов Қанағат Байжанұлы қарттарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, тілегін білдірді. «Назқоңыр» домбыра үйірмесінің қатысушылары Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін орындап берді. Кітапхана оқырманы Байғараева Жанерке «Ата-әже» әнін нақышына келтіріп шырқады.              №2 мектептің оқушысы, кітапхана оқырманы Шаймерденов Мирас ата-әжесіне арнаған өлеңін оқыды. Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер Арыстанбаев Оразбай ата сөз сөйлеп, батасын берді. Қарттарымызға мерекелелік сыйлықтар таратылды. Оқырмандарға салт-дәстүр, ырым-тыйымдарды насихаттап кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмедегі «Қазақтың бата-тілектері мен өсиеттері», «Қазақ салт-дәстүрі», «Ақ бата», Е.Мақашеваның «Келін әулет шаңырағы» сынды кітаптарға шолу жасалды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik