bannersa207 bannersa208

       Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі. Халқымыз еңбек пен өнерге егіздеп қараған, қолөнері шеберлігін жоғары бағалаған. Осыған байланысты «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің № 2 үлгілі кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» аясында «Білімге бойлап, өнерге өрлейік» атты өнерлі адамдармен кездесу мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кітапханашы қолөнер тарихы, түрлері мен атауларына тоқталып, қысқаша мәліметтер беріп өтті. Түрлерін суреттермен көрсетіп таныстырды. Іс-шараға өз қолынан дайындаған қолөнерін алып келген қонағымыз Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің магистрі, «Бейнелеу және өнер» факультетінің түлегі, қазіргі таңда Жезқазған қаласының №3 «Білім-Инновация» лицейінің көркем еңбек пәнінің ұстазы Садық Сымбат Қайратұлы. Сымбат Қайратұлы әшекей-бұйымдарының дайындаудың қыр-сырларын жастарға көрсетіп, бұл өнерді ынтамен, қызығушылықпен орындау керек екендігін оқушыларға айтып өтті. Іс-шарамыз, қатысушылардың ортасында, кітапханамыздың тұрақты оқырманы №10 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Игілік Нұрайымның орындауындағы «Көк айдай» әнімен жалғасын тапты. Көрме дайындалып, Н.Махмудовтың «Жезқазған өңірінің қолданбалы өнер шеберлері», С.Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі», Б.Хобдинаның «Сарыарқаның мәдениеті және өнері» т.б.кітаптарына шолу жасалды.    

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ
1926 жылы Баку қаласында өткен «Бірінші Туркологиялық Құрылтайдың» төралқа мүшесі кім болған?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

QR код