bannersa207 bannersa208

«Халқына жақын болған Тайжан ақын» атты сазды әуен кеші қазақтың әйгілі ақыны, ұлттық дәстүрлі өлең-жырлардың орындаушысы, сазгер ақын Тайжан Қалмағанбетовтің - 140 жыл толуына орай ОКЖ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылды.

Кешке арнайы Тайжан ақынның немере қызы, ардагер ұстаз, кітапхананың тұрақты оқырманы Аниза Шубайқызы Қалмағанбетова және Т. Қалмағанбетов атындағы филармонияның әншісі, Жезқазған музыкалық колледжінің оқытушысы Ардақ Мұқышев, шәкірті Д. Мизамбаевпен және №11 орта мектептің оқушылары шақырылды.

Кеш Тайжан ақынның нағашысы Үкілі Ыбырайдан бата алғаны туралы театрландырылған көрністен басталды. Көрністегі кейіпкерлерді «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің кітапханашысы Қуаныш. Умбеталиева мен Думан Сайдалин сомдады.

Сонымен қатар, кеште Тайжан ақынның «Ги-гай», «Жігіттерге» әндерін А. Мұқышев орындаса, шәкірті Д. Мизамбаев Тайжан ақынның әні «Сақ-сақ» пен Ш. Ділдебаевтың «Төртінші» термесін орындады.

Қонаққа келген Тайжан ақынның інісінің қызы Аниза Шубайқызы Қалмағанбетова жастарға Тайжан ақын туралы естеліктерімен бөлісті. Өз сөзінде Аниза апа бала кезінде атасын «Сырнай ата» деп атайтының, халықы, туған жері туралы көп жырлайтын еді деді. 1937 жылы атасы жалған жаламен «халық жауы» атанып, оның туыстары қуғын-сүргінге ұшыраңаны жайлы айтты.

Тайжан ақын өндіріс тақырыбында, біраз өлең жазған ақын, соның бірі қарашаңырақ - Қарсақбай. Осыған орай «Қарсақбай» тақырыбында слайд көрсетілді. №11 орта мектептің оқушылары Н. Жолдыбай «Қарсақбай», Н. Салимжан «Өзім жайлы», П.Қожамұрат «Нақақтан күйдім жалаға» атты Тайжан ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Кітапханада ұйымдастырылған «Ұлытау ақиығы Тайжан ақын» атты кітап көрмесіне кітапханашы Құралай Қожырбаева библиографиялық шолу жасап, Ө.Мұқановтың «Дала дауылпазы – ақын Тайжан», К.Салықов құрастырған «Сақ-сақ күлсін сырнайым» атты т.б ақын туралы әдебиеттермен кқрермендерді таныстырды.

Көрермендерге «Халқым сүйіп қойған атым –Тайжан ...» атты ұсыныстық библиографиялық көрсеткіштің электронды нұсқасы экран арқылы көрсетілді.

Сазды әуен кешін А. Мұқышев Тайжан ақынның «Шалқыма» әнімен аяқтады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters

Ой-пікір білдіргендер

1926 жылы Баку қаласында өткен «Бірінші Туркологиялық Құрылтайдың» төралқа мүшесі кім болған?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

     

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

infogr7 1 kz

557

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

4585214

QR код