bannersa207 bannersa208

Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген азаматтық жауапкершілік пен ұлттық тұтастықтың нышаны саналатын атаулы мереке – бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Мемлекеттік мереке аясында Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі « Тәуелсіздік – теңдігім, егемендік – елдігім!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 27 жыл бұрын, 16 желтоқсанда «ҚР Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Құжатта еліміз өзін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде жариялады. Содан бері күрделі жолдан өттік. Қазіргі Қазақстан – қарқынды дамушы, қуатты мемлекет. Осы күні Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты жас мемлекеттің орасан жетістіктерін зор мақтанышпен паш етеміз. Кітап көрмесінде сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын «Тәуелсіздік дәуірі», «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар», «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «ХХІ ғасыр -Қазақстанның жұлдызды ғасыры», «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік белестері» атты кітаптары, желтоқсан оқиғасының ақтаңдақ беттерін көрсететін – Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы», Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім - желтоқсан», Құттыбек Аймаханның «Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады», Қайым- Мұнар Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны» , Манаш Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік» атты кітаптар қамтылған. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қорында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген «Бабалар сөзі» топтамасының 100 томы бар. Ұлттық брендке айналған «Бабалар сөзі» топтамасынан кітап инсталляциясы жасалынды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қойылды. Қазақтың арманы болған тәуелсіздік қазақ мемлекеттілігінің үзілгенін жалғап, ұлттың рухын көтерді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters

Ой-пікір білдіргендер

"Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" - әндерінің компазиторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

     

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

infogr7 1 kz

557

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

4585214

QR код