bannersa207 bannersa208

        Ұлытау жері халқымызға белгілі тарихи тұлғаларды, дара жандарды дүниеге әкелді. Солардың бірі, бірігейі ҚР Білім беру ісінің үздігі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері Рақыш Нәшкенқызы Ідірісова. Рақыш Нәшкенқызы саналы ғұмырын туған елінің көркеюіне арнап, жас ұрпақтың дарынды болуына үлес қосқан, қоғамдық еңбегімен танылған жан. «Қайсар қызы Ұлытаудың» атты кездесу кеші балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен орталықтандырылыған кітапханалар жүйесі Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасының акт залында өтті. Кешке арнайы бірге қызметтес болған замандастары, мемлекеттік қызмет ардагері Камеш Абжамелова, заңгер Аманкүл Оспанова, Астана қаласынан Сәлима Мешітбаева қонаққа келді.

           Кеш Рақыш Нәшкенқызының мемлекеттік қызмет атқарған кезіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы шағын көріністен басталды. Көрністе   Жезқазған музыкалық колледжінің IV курс студенті Айнұр Бошпаева басты кейіпкердің рөлін сомдаса, кітапханашылар жиналған кітапхана оқырмандарына Рақыш Нәшкенқызының өмір жолы, қызметі жайлы слайдты көрсетті. Кеш барысында, Рақыш Нәшкенқызы қошеметпен сахна төріне шақырылып, гүл шоқтары ұсынылды. Кітапхана оқырмандары кешіміздің басты кейіпкеріне өздерінің сауалдарын қойып, Фариза Оңғарсынова, Мәдина Ералиева сынды тұлғалармен достығы, балалық шағындағы армандары, атқарған қызметтері жайлы жауаптар алды.

         Кеш барысында Жезқазған қаласының Т.Қалмағанбетов атындағы филармония әншілері Руслан Исмаилов, Перизат Несіпбаеваның орындауларында «Ұлытауым» әні, «Майлықожаның термесі» шырқалса, №13 мектеп оқушылары қазақ поэзиясының жұлдыздары М.Мақатаев пен Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқыды. Осы кешке арнайы   Астана қаласынан келген Сәлима Мешітбаева студенттік өмірлерін еске алып, Рақыш Нәшкенқызымен достығы жайлы айтып, іс-шараны ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, кешіміздің басты кейіпкеріне сыйлық табыстады. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»КММ-нің директоры Ғалия Өмірзаққызы Рақыш Нәшкенқызына алғыс айтып, кітапхананың атынан сый-құрмет көрсетіп, кешті қортындылады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters

Ой-пікір білдіргендер

  • Қонақ - Batima Kazhibai

    Келешек ұрпаққа үлгі аларлық іс-шара ұйымдастырылған екен. Жезқазған жұрты әрқашан осындай мағыналы, руxани азық аларлық тұрғыдағы жиындарды көп ұйымдастырушылығымен ерекшеленеді.

    Short URL:
  • Қонақ - Бегайым Жиентаева

    Құтты болсын! Қуаныштымыз!

    Short URL:
  • Қонақ - Батима Шакенова

    Рахыш Нашкенкызы! Кутты болсын! Енбегиниз елене берсин! Биз сизди жаксы коре из!

    Short URL:
"Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" - әндерінің компазиторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

     

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

infogr7 1 kz

557

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

4585214

QR код