ОКЖ-нің Балалар-жасөспірімдер кітапханасы №133 мектепте «Кітапхана күні мектепте" атты кітап десантын ұйымдастырды . Іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, кітапханаға оқушыларды барынша көбірек тарту, оқуға баулу мақсатымен өтті.

Іс-шара барысында балаларға дәстүрлі емес кітап көрмесі ұсынылып , онда әр түрлі топтамамен шыққан жаңа кітаптар : "Мектеп кітапханасы", "Даңқты адамдар", "Қызықты деректер", "Менің 100 кітабым", "Қонжықтың хикаялары" сонымен қатар, оқушыларға кітапхана қорындағы әртүрлі танымдық журналдар ұсынылды. Мысалы : «В мире животных», «В мире растений», "Мир техники", "Моделист - конструктор", "Жыл он екі ай", "Айгөлек", "Балдырған" және т. б.

Ммұғалімдер мен мектеп қызметкерлері оқушыларға үлгі көрсетіп, іс-шараға белсене қатысты. Кітапханашы Сексенбаева Д. балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірді.

Іс-шара диалог түрінде танымды және қызықты өтті. Барлық оқушылар өздерінің таңдаған шығармаларын мектептен тыс алып оқуды жөн көрді.

Іс-шара соңында оқушыларға кітапхананың мекен-жайы, телефон, электрондық поштасы бар парақшалар тарылды. Оқушылар кітапханаға жазылуға, ұнаған кітабын алуға, сондай-ақ түрлі іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ