Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынастан тұратын адамдар тобы. Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек.

ОКЖ-інің балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары № 11 мектептің 3 «А» сыныбында «Отбасым- сүйенішім, мақтанышым» атты ауызша журнал өткізіп қайтты.

Кітапханашылар, оқушыларға отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игеретінін, отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылатынын айтып, ауызша журналдың әр бетін ашуға шақырды.

Ауызша журнал 6 беттен тұрды. Оқушылар журналдың әр бетін ашып, тапсырмаларды орындады. Бірінші бетте оқушылармен ауызша сауалнама жүргіздік. Онда отбасы мүшелері туралы сұрақтар қойылды. Екінші бет «Ертегіні еске түсірейік» деп аталды. Мұнда оқушылармен ертегі бойынша сұрақ-жауап жүргізілді. Үшінші бетте оқушыларға ситуациялық жағдайлармен байланысты сұрақтар қойылды. Олар өз пікірлерін ашып айту керек еді. Журналдың төртінші беті «Жеті ата» деп аталды. Мұнда оқушылар өздерінің жеті аталарын атайды. Балалар жеті аталарын айтып берді. Бесінші бетте оқушыларға отбасы туралы мақал-мәтелді жалғастыру ойны жүргізілді. Оқушылар берілген мақалдың дұрыс жалғасын табу керек болды. Журналдың алтыншы бетінде оқушылар тақтаға отбасылары туралы түйін сөздерін, отбасын қалай жақсы көріп құрметтейтіндерін бір-бір сөз арқылы қағазға жазып ілді.

Сонымен қатар, «Отбасым - сүйенішім, мақтанышым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ділдә Матайқызының «Ұрпағым саған айтам», Оразақын Асқардың «Балаларым- бақытым», Абдрахман Асылбектің «Балғын Балалық» т.б кітаптар қойылды.

Шара соңында 3 «А» сынып жетекшісі Дидар Өкенқызына ОКЖ-нің директоры Ғ.Түгелбаеваның атынан «Алғыс хат» тапсырып, балалармен естелік суретке түстік.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ