Жас баланы саналы, есті, мәдениетті сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 4 ақпан 2015 жылы «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты тәрбие сағаты өтті. Іс - шараға №7 мектеп , №8 мектептің 3-4 сынып оқушылары ата-аналар, кітапханашылар қатысты. Бала тәрбиесінде құрғақ насихаттан гөрі қызықты кітаптың атқарар қызметі үлкен. Осыған орай «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге: О.Асқар «Балаларым – бақытым», Д.Матайқызы «Ұрпағым, саған айтам»ғ Т.Иіпұлы «Балбөбектер, балалар, болашағым-бақытым» т.б баспасөз беттері қойылды. Оразақын Асқардың «Балалларым – бақытым», «Білгенінің пайдасы» атты кітаптар оқырмандарды қызықтырды. Балалар көркем шығарма кейіпкерлерін талдағанда оқиғаны өз сана-сезім елегінен өткізіп, өмірге өзінше баға беріп, басқалардың сана-сезіміне сын көзімен қарайды. Сондықтан да ата-аналар баласының кітап оқуына, тәрбиеленуіне, белсенділігінің артуына кітапханамен тығыз байланыста болу керек.