«Балалық шаққа  саяхат» атты бір кітапқа саяхат қазақ  балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевқа арналған. Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың  өмірімен шығармашылығын таныстыра отырып оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын, қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу.  Кітаптың қысқаша мазмұнымен таныстырылды  және  оқырмандарға сұрақ –жауап ойыны өткізілді. Оқырмандардың назарына  «Қожаның Дәулетпен  танысуы »  атты  көрініс  көрсетілді. Кітапханашы Игибаева Т. оқушыларға білімнің көзі кітапта екенін түсіндіріп, білімді ғаламтордан іздемей, кітаптан іздесе нұр үстіне нұр болар еді - деп оқушыларды  кітапханаға  шақырды.