№9 үлгілі  кітапханада «Балалық  шақ – балдәурен » атты ертеңгілік сағат өтті. Ертеңгілік сағатқа №10 орта  мектептің  жазғы  демалыстағы балалармен  №35  «Гүлдер» балабақшасының  тәрбиешісі  Көпеева  Жанерке  мектепке дейінгі топты  кітапханаға  экскурсияға  келді. Кітапхана  қызметкерлері  балаларды  есік алдындағы  «Балалар алаңына» шақырып  мектеп оқушылары  ән айтып, би билесе, балабақша бүлдіршіндері өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетті.  «Арқан тартыс», «Секіртпе мен секіру» ойындары ойналды. Ертеңгілік  соңында  балаларға  балмұздақтар таратылды .