№9 үлгілі кітапхана – филиалымен Болашақ клубы бірлесе отырып  «Әсем қала Астана» атты әдеби дастархан өткізілді.Кітапханамыздың оқырманы Қайырбекова Ажар  Астана күніне арнап ақ парақтан  өз қолымен жасалған  бәйтеректің макетін кітапханамызға сыйға тарты . Астана туралы өлеңдер айтып,оқушылар би биледі.Болашақ клубының мұғалімі Сұрағанова Бисенкүл қызықты ойындар ойнатты. Кітапханашылар оқырмандарды аулаға шығарып  асфальтқа « Кім жылдам»  атты Астана туралы суреттер жарысын өткізді.Суретті жақсы салған оқырмандарға сыйлықтар берілді. Кеш өте қызықты өтті.