Изображение 858

Балалар  ақыны  Ернұр Сейдахмет 1984 жылы 13 қарашада Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Жезқазған қаласының №13 орта мектебін тәмамдап, Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінде білім алып, инжненер-механик мамандығын меңгеріп шыққан.

Республикалық  балаларға арналған  «Астана-Бәйтерек» (2007),  Халықаралық «Дарабоз» (2012) байқаулардың жеңімпазы, республикалық «Балауса» (2013) бәйгесінде «Еңбек шынықтырады» атты өлеңдер топтамасының ІІІ орын жүлдегері.

Сонымен қатар,  «Қашан үлкен боламын?» (2010), «Тентек доп» (2012), «Күлші, қане, балақай!» (2014) кітаптарының және 2018 жылы шыққан «Бүлдіршіндерге арналған ән жинағы»  авторы.

Ол Әлемге әйгілі шет ел ақындары Сергей Михалковтың, Борис Заходердің, Джон Чиарди, Агния Бартоның балаларға арналған өлеңдерін аударған. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорациясының «Мыс қорыту зауытының» қызметкері.

Шығармалары:

1.Сейдахмет, Е. Тентек доп: Балаларға арналған өлеңдер мен аудармалар/Е.Сейдахмет. – Алматы: Баянжүрек баспасы, 2012.-112 б.:сур

2. Сейдахмет,Е.Күлші қане, балақай!: Балаларға арналған өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен аудармалар/Е.Сейдахмет.-Алматы:Баянжүрек баспасы, 2014.-128 б.:сур

3.Тәтті алма. Т.2 /Құраст.Ш.Күмісбайұлы, А.Шәуеев, А.Елгезек.-Астана: Фолиант, 2015.-272 б.