Әдебиетті насихаттау барысында М.Әуезов атындағы кітапхананың оқырмандар залында барлық оқырмандар тобымен  және «Жас толқын» поэзия клубының қатысуымен «Әлем мойындаған Әуезов» атты әдеби композиция өтті. 

     ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы, өнер қайраткері Ғалым Мұхамединнің 65 жасқа толуына арналған «Қазақ әнінің қызғыш құсы» атты сазды әуен кеші ұйымдастырылды.

       С.Сейфуллин атындағы кітапханада қаламгерлер клубының отырысы аясында журналистиканың ғана емес, бүкіл мәдениетініміздің желмаясына айналған Камал Смайыловтың 85 жылдығына орай « Алаш рухты ұрангер» атты тағылымды – ғұмырнамалық кеш өтті. 

 

           Қазақ халқының таңбаланған тарихының өзінде қазақ жасақтары мен жоңғар шапқыншылығының арасындағы болған майданда мәңгілік жеңіс туын желбіреткен шешуші Бұланты шайқасына биыл 290 жыл толып отыр.  Осы айтулы оқиғаға байланысты М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Бұланты шайқасы :Қазақ Мемлекетінің Ұлы жеңісі» атты тарихи сағат өтті.

https://ru.calameo.com/read/0042638768c405ea709d9
Пікір білдірді (0) Қаралды: 7804