2013 жылдың 11қазан күні С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлеріне Жезқазған қаласы әкімінің сыйақы тапсыру салтанаты өтті. Театрға жиналған мәдениет саласының майталмандарын қала әкімі Серік Шайдаров құттықтады.

«Мәдениет және өнер саласына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Капкеева Шәрипа Құрманқызы марапатталды. Қала әкімі Серік Шайдаров «Үкілі қобызды» және 200 мың теңге сыйақыны табыс етті. «Жыл кітапханашысы» номинациясы бойынша С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс» бөлімінің жетекшісі Елубекова Қайыргүл Тұяқбайқызы марапатталды