Бұл кештің мақсаты: Қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы кезеңдерінің тарихына шолу жасай отырып, ұлы тұлғалардың рухты тағлымдарын зерделей келе, ата-бабаларымыздың осыдан үш жүз жыл бұрынғы ерлік үлгісімен тәрбиелей отырып, отансүйгіштікке баулу, Елбасының ұйымдастыру көрегендігін, бейбітшілікті, ұлттық татулықты ту ету мақтанышына сүйсіндіру арқылы іздену. Ұлытау жеріндегі Бұланты шайқасындағы ата-бабаларымыздың ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үйрету, талдау жасау. Жастарды өз өлкесінің тарихын білуге тәрбиелеу.   Тарихи сағат Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылды.Тарихи сағатқа Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры, Шыңғысхан атындағы бүкіләлемдік академияның құрметті академигіБағдат Тілеуліұлы  Байжантаев, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының қызметкері, тарихшы Әуезов Ғабдол қатысып өлкеміздің тарихы  Ұлытау жеріндегі Бұланты шайқасындағы ата-бабаларымыздың ерлік істері туралы мол мағлұмат беріп өтті.Осыған орай тарихтан сыр шертетін «Жау жүрек мың бала», « Ұлытау – сырға толы», «  Қазақ хандығының  550 жылдығы. Бұланты стелласы» туралы бейнероликтер көрсетілді.  Осы кеште әні А.Мұсабековтің,  С.Тұрғынбекұлының сөзіне жазылған «Ұлытаудың ұландары», «Жезқазған жазы» атты өлеңдерін өнер мектебінің оқушылары Саламат Ғаламат пен Сұлтанбай Дильназ нақышына келтіріп орындады. Оқырмандарымыздың патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілген бұл іс-шарада музыкалық колледждің студенті Мейрамова Арайлым «Батырлары елімнің», «Туған жер» әнін тамылжыта орындап берді.  Кеш соңында кітапханашы А.Қыдырманова  «Бұланты шайқасы: тарихи тағылым»атты көрмеге шолу жасап өтті.

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ