Сейфуллин атындағы кітапханада қаламгерлер клубының отырысы аясында журналистиканың ғана емес, бүкіл мәдениетініміздің желмаясына айналған Камал Смайыловтың 85 жылдығына орай « Алаш рухты ұрангер» атты тағылымды – ғұмырнамалық кеш өтті. Іс-шараға Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары  Ақпанбетов Мырқы Асқарұлы, Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы, Жезқазған қалалалық мұрағатының басшысы Байжантаев Бағдат Тілеуліұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Кенжебай Кәрібозұлы, «Дидар» телеарнасының тілшісі Түсіпов Ізтілеу Бекенұлы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Игі іс-шарада мардымды сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынып, жиналған көпшілік қауыммен  тағылым мол сұхбат орнады. Жаңашыл да жанашыр санаттан үнемi табыла бiлген сирек сүлейлердiң бiрi де, бiрегейi де Камал Смайыловқа арналған «Өнер сүйген өмір» виртуалды көрмесі көрсетілді. №8 гимназия оқушылары Баянова Диляра, Рақымжанов Шахнияз, Тұрсын Айсұлу, Шәмшиева Асылзат, Қосылбеков Нұрхан, Мұратбек Анель, Жетпіс Динара, Әлкен Толғанай Камал Сейітжанұлына арналған естеліктер мен өлеңдер оқып, Серіков Аймырза, Әлкен Толғанай мен Алтынай ән орындады. Адам ғайып болғанмен, соңында « жақсы болса – аты, ғалым болса – хаты» қалады. Міне, сондай ғибратты ғұмыр сүріп, соңында абыройлы аты, тағылымды хаты қалған Камал Смайыловтың рухани мұрасын оқырман қауымға насихаттау кітапхананың басты мақсаттарының бірі болып қала бермек.  Кешті Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Капкеева Шәрипа Құрманқызы қорытындылап, белсене қатысқан оқырмандарды марапаттады.