Бөлме гүлдеріне ұқыпты қарауға, табиғатпен байланыста болуға тәрбиелеу мақсатында,  31 шілде күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 5-9 сынып абонементінде «Жерұйық» клубының мүшелерімен «Бөлме гүлдерінің түрлерімен танысу» атты оранжерея көрмесі ұйымдастырылды.

            Кездесу барысында кітапханашылар гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейтінін», жел өтінде тұрып қалмауы керектігін, гүл егілген құмыраны музыкалық орталықтың жанына қоймауы , вибрацияның да гүлге кері әсері туралы  және тағы басқа бөлме гүлдерін күтудегі бірнеше кеңестерге тоқталды.Балаларға бөлме өсімдіктерді уақытылы суару, топырағын қопсыту, жапырағы мен сабағының шаңын сүрту,топырақ қоспаларын сұрыптау жайында «Шаңырақ» энциклопедиясы, С.Турдиев «Кактусы», «В мире растений» журналы арқылы жеткізілді.

            Қорытындылай келе оқырмандарға үйде өсірілген гүл ауаны тазартып,адамға демалыс сыйлайтынын түсіндірілді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ