Пікірлер
- Пікір білдіргендер жоқ
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Халықтар Достығы мен мәдениет үйінің фойесінде , Елбасы жазған және Елбасы туралы жазылған кітаптарды насихаттау мақсатында, «Тәуелсіздіктің нұры –Тұңғыш Елбасы» атты әдеби-флешмобты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырды.
Іс-шарада «Шашу» хареографиялық би ансамблі флешмоб билесе, Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектпетің 6 «д» сынып оқушылары Елбасы туралы атап айтсақ, Гафоров А. «Еліне елеулі Елбасы», «Кемеңгер» Н.Назарбаев әлем назарында , Тәтімов М, «Елбасы және ел саны», Н.Назарбаев «Ақыл - парасат кітабы», Н.Назарбаев « Тарих толқынында» т.б кітаптар шеруін көрсетті.
Сонымен қатар, оқушылар «Тұңғыш Елбасы» ұранымен барлығы бірдей іс-қимылдар жасап, көрермендерге кітапханашылар дайындаған Елбасы туралы әдебиеттер тізімі жазылған флаерлар таратты. Іс-шараға 52 оқырман қатысты.
Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз
Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз