×

Внимание

Не удалось выполнить: /var/qmail/bin/sendmail

Не удалось выполнить: /var/qmail/bin/sendmail

Не удалось выполнить: /var/qmail/bin/sendmail

Мақсаты: оқырмандарды  әдепті, кішіпейіл, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.                   

 Кітапханашы: Балалар,  «Үлкенге  құрмет , кішіге ізет»дегенді қалай түсінесіңдер? 

1-оқырман: Ол үлкенді сыйлай білу, кішілерге үлгі өнеге беру деген ұғымды білдіреді .

2-оқырман:  « Үлкенге құрмет» дегенде кішіпейіл , әдепті , сыпайы болу деген ұғым бар.

Кітапханашы: Қане, балалар, осы тақырып төңірегенде пікір алысайық. Өмірлеріңде тақырып шеңберінде қандай жағдайлармен кездестіңдер? Көрген  кино, оқыған  кітаптарыңнан мысал алуға  болады.

 3-оқырман: Қоғамда өмір сүрген адамдар үшін жалпыға бірдей тәртіп ережелері болады .

4-оқырман: Адам баласы өзгелермен қарым –қатынас  жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс жақындағына, үлкен-кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек. Бұл  адамгершілік борыш . 

                                                                                                                                              Кітапханашы: Кішіпейілдік, сыпайыгершілікке байланыста қандай мақалдарды білесіңдер?                                                        

 5-оқырман: «Сыйға сый , сыраға бал».   

6- оқырман : «Сыйлай білсең , сыйланарсың»

7- оқырман  :«Кішіпейілдік кішінің көркі».

8- оқырман  :«Кішіпейілдікпен  кішіреймейсің т.б»

 Кітапханашы:Бұл мысалдардан қандай қорытынды шығарасындар?

9- оқырман : Адамдар бірін бірі сыйлай білулері керек. Сонда ғана оны балалар сыйлайды.    

10-оқырман : Адамдар байқағыш, сезімтал, көреген болуы керек. Егер біз өз жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиеттеримізді тастай алмасақ, бұл әдет бірте-бірте сыйлай білмеушілікке әкеп соғады. Бұдан шығатын қортынды.. мәдениетті болудың алғашқы қадам  басқаны сыйлай білу .

11- оқырман:Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілдіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қомқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек .

Кітапханашы : Кішілерге жол көрсетуді қалай түсінесіңдер ? Кішілерге  жол көрсету үшін үлкендердің өзі қандай болуы керек ?

12- оқырман :Олар кішілерге ақыл айтып , ағалық қомқорлық жасауы керек .

13- оқырман :Үлкендердің өз басында олқылық болмауы керек. Жоғары сынып оқушыларының ішінде бас киімдерін каридорда киіп жүруі немесе алысып ойнау сияқты кемшіліктер  кездеседі.Оны көрген кішкене балалардың «Е, ағаларымыз не істесе, бізде соны істейік» деген ойда болып теріс қортынды шығаруы да  мүмкін.

Кітапханашы: Балалар, сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіздер?

14- оқырман : Сәлеметсіз бе?Аман-есенсіздер ме?

Кітапханашы: Жастар үлкендермен қалай  амандасады?

15- оқырман :Үлкендерге жастар бірінші болып амандасады. Қол алысып амандасқанда қолғапты шешу керек .    

16- оқырман :Үлкендерге бұрын сәлем беру крек . Сәлемдесуден қашу немесе көрген адамды көрмеген болып өтіп кету өрескел қылық.

Кітапханашы: Ал, балалар енді көрмеге қарай келіндер. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» -атты кітап көрмесі ұйымдастырылды . (көрмеге шолу жасау)

Көрмеге қойылған кітаптар:

1.О.Асқар «Балаларым – бақытым»

2.Д.Матайқызы «Ұрпағым, саған айтам»

3. Т.Иіпұлы «Балбөбектер, балалар, болашағым-бақытым»

4. «Білгенінің пайдасы»

5. «Мен және қоршаған әлем»

6. «Тәрбие христоматиясы» 1-4 сынып

7. Р.Мәженқызы «Бәрін, бәрін білгім келеді...»

8. Журналдар: Айгөлек, Мөлдір бұлақ, Балдырған, Бала би

 

 Кітапханашы: Оқырманымыз Аманбаева Аружан анасына арнап өлең айтады.

 17-оқырман:

Ана-бала, бала-ана-бір ұғым,

Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты.

Ана –бала, бала-ана әрдайым

Бірге жүрсін, бірге көрсін шаттықты.

 

Кітапханашы: Сыпайлық, әдептілік адамда жас кезінен бастап қалыптасады, сондықтан сендер алдымен өз бастарыңа осы міндеттердің толық қалыптасуына талаптануларың керек. Ол үшін әр істеріңе байланысты «Мен дұрыс істедім бе, әлде бұрыс істедім бе?» деп сұрақ талдап, қатесі болса түзеп, дұрысын одан әрі шыңдай беру қажет. Сонда ғана сендер үлкендерге құрмет, кішілерге жол көрсете аласыңдар.

(Іс шара «Анаға сәлем» әнімен аяқталады)

 

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments