« Жезқазғаным, байтағым, от-өрісім»
Шығармашылық алаң

1. Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті қала тұрғындары, қонақтар және оқушылар! Жезқазған қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің»балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қаламыздың 64 жылдығына орай өткізіп отырған «Жезқазғаным, байтағым, от-өрісім» атты шығармашылық алаңына қош келдіңіздер!

2.Жүргізуші:Жезқазған — жыр қайнарым,
мыс балқып қойнауында тулайды ағын.
Көзіндей батыр мінез бабалардың
ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым
!

2.Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда «Ұлытау үні» фестивалінің күйшілер сайысының жеңімпазы Азиз Жайлыбайдың орындауында «Терісқақбай» күйі .

1.Жүргізуші:

Қазақ туған елін, жерін алтын бесігім деп, дүниедегі байлық атаулының бәрінен де жоғары бағалаған, елін адал перзенттік ыстық жүрекпен сүйген, жырақта жүрсе туған жердің топырағын бір иіскеуді, кең жазира төсінде белін шешіп, армансыз бір аунауды аңсайтын халық.

2.Жүргізуші:
Кең дала, көресің ғой, анау жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне сол, анам еді мені тапқан! –
деп туған жердің өзінің адал перзенті үшін қаншалықты қымбат, қандай ыстық екендігін ақын Мағжан Жұмабаевтың осы бір шумақ өлеңінен аңғарамыз.

2.Жүргізуші: Жезқазған қаласында елімізге танымал атақты ақын –жазушылар тұрады. Олар Зинаида Чумакова, Кенжебай Ахметов, Ғазиз Ештанаев, Ғалым Жайлыбай, Үміткүл Трайсова, Батырбек Мырзабеков т.б Олардың қаламынан сүйікті қалаларына арнаған жыр-өлеідері көп. Бүгін сіздердің алдарыңызда осы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу үшін №13 мектептің 6 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

1.Жүргізуші: Олай болса туған жеріміз Жезқазған қаламызға шын патриоты екенімізді сөзбен ғана емес, тындырымды ісімізбен көрсетейік. Ал енді құрметті қонақтар! Викториналық ойынды бастамас бұрын ойын шартымен таныстырып өтейін. Бүгінгі ойын ерекшелігі қазақи ұлттық құндылығының бірі қоржынын пайдаланамыз. Бұл жай қоржын емес, таңғажайып қоржын. Қоржынның ішінен номер аламыз. Әр сол номердегі сұраққа жауап береміз.
Ендеше ойыншыларды ортаға шақырайық
Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
Ойынының тақырыбы туған қаламыз Жезқазғанның тарихына байланысты.
1. сұрақ
Жезқазғанның іргесі 1936 жылы қаланып, Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнында тұрғызылады. Белгілі өлкетанушы С. Бүкіров: «Кенді үңгірдің бірін қазғанда самородок сары мыс, жез көптеп табылыпты. Содан жергілікті халық өз тіліне аударып, «Жезқазған» деп атаған делінген.
Сұрақ: Жезқазғанның арғы аты қандай болған? (Ақжал)
Сәттілік тілеймін.
Бірінші сұраққа жауап берген жеңімпазды құттықтаймыз!
Бүгінгі мерекелік алаңнан сіздерге сыйлық ұсынылады.
(қыздар сыйлықтар таратады)
Енді өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
2. сұрақ
Қала маңында (Ұлытау төңірегін қоса алғанда) мыңнан астам өсімдік түрі өседі. Жезқазған аймағында жусанның 30 түрі кездеседі екен. Флора құрамында 100 - ден аса құнарлы жем - шөптік, 50 - ге жуық дәрілік, тағамдық, сәнді - декоративтік өсімдіктердің түрі бар. Қала маңында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген сирек кездесетін өсімдіктердің түрлері бар.
Сұрақ: Соның ішінде қызғалдақтың қай түрі қызыл кітапқа енгізілген? («Альберт қызғалдағы»)
Сәттілік тілеймін.
Екінші сұраққа жауап берген жеңімпазды құттықтаймыз!
Бүгінгі мерекелік таңғажайып алаңнан сіздерге сыйлық ұсынылады.
(қыздар сыйлықтар таратады)

3.сұрақ
Жезқазған жерінің жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 200 түрі, балықтың 20 түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген сирек кездесетін жануарларды да осы даладан ұшыратасыз.
Сұрақ: Соның ішінде тырнаның қай түрі қызыл кітапқа енген?
(ақбас тырна «орысша журавль - красавка»)
Сәттілік тілеймін.
Бгінгі мерекелік таңғажайып алаңнан сіздерге сыйлық ұсынылады.
(қыздар сыйлықтар таратады)
Музыкалық үзіліс.
4. сұрақ

Атақты «Жезкиік» әнінің авторлары ? (сөзін жазған Кәкімбек Салықов, әнін жазған Жақсыгелді Сейлов).

5. сұрақ

2018 жылы Жезқазған қаласында қай тарихи тұлғаға ескерткіш орнатылды? (Кетбұқа)

6. сұрақ

Мұхтар Әуезов көшесі қаланың қай бөлігінде орналасқан? (батыс бөлігінде, 91-92 орамдарда орналасқан, Марғұлан көшесінен басталып, Амангелді батыр көшесімен аяталады.)

7.сұрақ

Пушкин көшесі бойындағы ескерткішті атаңыз? (Белгісіз солдат ескерткіші- бұл ескерткіш Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында хабар-ошарсыз кеткен жезқазғандық жауынгерлерге арналып 1956 жылы орнатылды.)

8. сұрақ

«Ғарышты бағындырушылар» ескерткіші қай жылы орнатылған (1977 жылы)

9 .сұрақ

Жезқазған қаласында неше саябақ бар? Аттарын атаңыз (Жастар,Наурыз)

10. сұрақ
Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 2009 жылғы мәліметке сүйенсек жері 140 млн м³ тақырланған, ал бұл жер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. 2014 жылғы есеп бойынша қала тұрғындарының саны 84 699. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырдан асқан қала.

Сұрақ: Қазақстанның қай қаласы туралы айтылып тұр? (Жезқазған)
ойынының жеңімпазы анықталынды. Құттықтаймыз!

2.Жүргізуші: Бүгінгі іс-шараға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне назар аударайық. Көрмемен кітапханашы Смагулова Асель таныстырады.

2.Жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызда №7 мектептің 3 сынып оқушысы   Қазбеков Исламнның орындауында                       әні

1.Жүргізуші:
Жезді бойы жез қалам,
Жер түбінен жезді алам.
Алтын қалам, кең далам,
Жеқазғаннан айналам!
Олай болса, туған қаламыз Жезқазғанды тағы да туған күнімен құттықтап, бүгінгі « Жезқазған
ым, байтағым, от-өрісім»
шығармашылық алаңын көріп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет айтамыз.
Келесі кездескенше

Бірге айтамыз: Қош сау болыңыздар!

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ