×

Внимание

Не удалось вызвать функцию mail.

Не удалось вызвать функцию mail.

Не удалось вызвать функцию mail.

Не удалось вызвать функцию mail.

Не удалось вызвать функцию mail.


    

          Жезқазған қаласындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесі «Бір өлке-бір кітап» акциясын жариялады. Қалың оқырманға өлкеміздің тұлғаларының жинақталған рухани қазыналарын насихаттауға осындай бастама көтеріп, ұрпақтан ұрпаққа көшіп жаңғырады деп игі бастаманы қолға алған ұжым басшысы Капкеева Шарипа Құрманқызы.                                                                                          

 

«Бір өлке – бір кітап» акциясының басты мақсаты «Ұлытау кітапханасы» сериясы насихатттау. Былтыр белгілі жазушы журналист – Әбілқасен Әміралиннің «Арқада туған алып» кітабы таңдалса, биыл медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері, еңбек ардагері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Өмірбек Мұқанұлының «Бабалар тағылымы» кітабы. Білгенім – теңіздің тамшысындай ғана, Сол тамшы еккен гүліміздің  тамырына нәр болып жатса, арман жоқ. Бабалар биігі аласармасын, тағылымы      тозбасын деп «Бабалар тағылымы» кітабын түйіндеген Өмірбек Мұқанұлына арнап  «Ұрпақтарға із тастап ұлағатты...» атты әдеби отау С.Сейфуллин атындағы кітапхана өткізді. «Өмекен ешқашан да адамшылық ақ жолынан айнып көрген емес. Оның өмірге құштар көңілі, даладай кең алып жүрегі кім – кімге де болмасын жақсылық пен мейірім отын сыйлап келді, әлі де сыйлай бермек» деп журналист, ақын Ибрагим Бекмаханұлы суреттеген Өмірбек Мұқанұлының өмір жолын  «Өлкенің қамын, елінің елдігін ойлаған- Ұлытаудың Ұлары» атты бейнеролик арқылы оқырман қауыммен таныстырылды. Халық өз бойындағы жақсы қасиеттерін ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырады. Тәрбие ананың бесік жырынан бастап, ол дүниеге аттанған адамның тәрбиесіне дейінгі аралықтағы іс әрекеттердің халық қабылдаған жиынтығы іспетті. Салт дәстүр, әдет-ғұрып, халықтың тәрбиелік дәстүрлерінің жалпы адам тәрбиесіндегі маңызы зор, мәні терең. Олардың сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі –қазақ халқы: Оның тәрбие-тәсілдері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған тағылымдық жолын бас-аяғын, бүтіндеп жазып шығу – үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Бағаланар жиған- тергені осы шағын «Бабалар тағылымы» кітабында жарияланған : «Құда түсудің басы», «Отқа шақыру»   салттарынан үзінді көрсетіліп, Қайын ененің  келінге айтқан қағидалар айтылды. Балалар арасында «Киім алғыш» деген ойын ойнатылды. Ойын соңында ұтылған заттарың қайтарып алу үшін ұтылғандар айыбын өтеп кітаптан Үш тұл, Алты парыз, Жігіттің тоғыз жауы т.б туралы оқып берді. Бабалар дәстүрінен мақұрым қалмаса екен, біздің бабаларымыздың да өз білгені бар, өз биігі бар, сол арқылы кешегі аға ұрпақтың дүниетанымына барлау жасай алса деген оймен атадан аманат болған құндылықтарды жинақтаған бүгінгі кітаптың авторы Өмірбек Мұқанұлына Ақсақалдарымыз Ұлданов Қаташ Ұлданұлы, Ілиясов Нығмет Ілиясұлы және  Тілтану әдістемелік орталығы басшысы Ештанаев Ғазиз Елеусизбайұлы, медицина саласының еңбек ардагерлері Жанасбаев Зікрия, Бөлеген Рахия Бөлегенқызы, Көшекова Гүлнәр Ахметқызы ақ тілектерін білдірді. ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин халық әні «Қанат талды», Тайжанның әні «Жомарт Тайжан» әнін шырқады.   Кітапхана –білімді жетілдіру орны. Білімді терең меңгергін келсе, керегеңді кітапханадан табатының. Осы  құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып сусындай беріндер деген ақ тілекпен кешімізді  Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ-сінің басшысы Капкеева Шарипа Құрманқызы түйіндеді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments