Жылдағы дәстүр бойынша «Бір елбір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті. «Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі деуге әбден болады. Ұлт үшін күрескен адам. Сол себептен оқырмандарға  жас ақын С.Торайғыровтың шығармаларын оқуға шақыру мақсатында М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Сұңғыла жыр сұлтаны – С.Торайғыров» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақынның шығармашылығы жайлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу»романы, «Дүние дөңгелегі айналады» «Алаш ұраны»таңдамалы шығармалары, «Сарыарқаның жаңбыры», «Асыл сөз»өлеңдер мен дастандар, «Сұлтанмахмұт Торайғыров»екі томдық шығармалары, «Үш томдық шығармалар жинағы», сонымен қатар «Алаш мұрасы», «Алтын қор», «Жыр жауһары», «Кереку-Баян», «Қазақ позиясының классиктері» серияларымен жарық көрген керемет туындылардың авторы екенін кітапханашы кітапханаға келген оқырмандарға айтып өтті.Кітап көрмесінде М.Әуезов кітапханасының қорынан Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған естеліктер мен мақалалар ұсынылған. 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер