bannersa207 bannersa208

     Республикалық синхрондық акция аясында С.Сейфуллин кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған « Ұрпаққа Ұран болған Ұлы Жеңіс» атты тарихи-танымдық салтанатты кеші ұйымдастырылды. Салтанатты кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әшірбеков Шахмұрат Байжігітұлы,Балапанов Мұқан Темірғалиұлы және тыл ардагерлері Доспанов Қойшыбек Әлмағанбетұлы,Жусупова Мәрзия Мұқанқызы шақырылды. Іс-шара Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған бейнероликпен ашылды. Майдангерлер рухына тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды.Тарихи – танымдық салтанатты кешіміздің шымылдығын Жезқазған қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  сектор меңгерушісі Түгелбаева Ғалия Өмірзаққызы ашты.Жезқазған музыкалық колледжінің студенті Керімов Әнуардың Өскенбайдың «Жеңіс» күйін орындады.№4 орта мектептің 7 сынып оқушысы Залыгина Ольга ардагерлерге деген ықыласын  әсем әуенмен жеткізді. Көрермен қауымға қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының даусы жазылған бейнеролик ұсынылды. Ата- бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған туған жеріміз туралы  №1 орта мектептің 6 сынып оқушысы Еркін Тұрсынхан «Аманат» әнін орындады.С.Сейфуллин атындағы кітапхананың қызметкерлері Мукашева Жаннель мен Құрманбаева Гүлсара қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің образдарын сомдады.Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп лицейінің 7 сынып оқушысы Мейрамова Ділназ «Әлия» әнін нақышына келтіріп айтты.Жезқазған музыкалық колледжінің студенті Каменов Жанболат пен №1 орта мектептің 8 сынып оқушысы Тасқараева Балжан көрермен қауымға жырдан шашу шашты.Кітапханамыздың қорында соғыстың қиын қыстау күндерінен хабардар ететін оқулықтар жетерлік. Оқырмандарға толыққанды мәлімет беретін «Ерлікке – тағзым, бейбіт күнге – ізгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне шолу жасаған ақпаратты-библиографиялық бөлімнің библиографы Ғазизова Ғалия Исламқызы. Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп лицейінің 7 сынып оқушысы Хамит Нұрлыбек  «Туған жер» әнін шырқады. Салтанатты кешті №1 орта мектептің 6 сынып оқушысы Еркін Тұрсынхан «Қазақ елі осындай» әнімен жапты. Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді. Тілі басқа, тілегі бір жандар тізе қосып, Отанды қорғауға аттанды. Қазіргі біздің сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиып, кеудесін оққа тосқан батырлар, сіздердің ерліктіріңізді кейінгі ұрпақ біздер ешқашан ұмытпаймыз және әрдайым тағзым етеміз. Кешті орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Капкеева Шәрипа Құрманқызы қорытындылады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik