bannersa207 bannersa208

      ТМД елдері бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 2015 жыл «Ардагерлер жылы» деп аталғалы белгілі. Осыған байланысты республикамызда «Ардагерім - ардағым» атты акция жалғасуда. Акция аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілуде. ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Рахаева Ғ. және Тукенова Ж. Ұлы Отан соғысының ардагері Қойшыбек Тоқтамысұлы ақсакалмен кездесті. Ардагерді келе жатқан мерейлі мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. 1920 жылы Сарыкеңгір ауылында дүниеге келген Қойшыбек Тоқтамысұлы Ұлытау, Жезқазған аймағына ұстаздық еткен танымал тұлға. 1941-1949 жылдар аралығында Шығыс шекарасында әскери міндетін өтеген. Соғыс ардагері, қоғам қайраткері Қ.Тоқтамысұлы - 95 жасқа келіп отырған ақсақал. Кездесуде қарт майдангер өзінің оқшау ойын парасатты жеткізді: «Ұлытау өңірінің көпті көрген бір үлкенімін. Жас болса ғасырға таянды. Елімнің бірлігін, Елбасы айтқандай, Мәңгілік Ел болуын, мықтылығын тілеймін. Тәуелсіз ел болдық. Тұғырымыз биіктеді, нығайды. Елдіктің арқасында әлемге танылдық. Тәңіріміз тәубеден жаңылдырмасын, шүкіршілік. Қарт адамда бос уақыт көп. Сол шіркінің адамды толассыз ойға жетелейді екен...» деп ұлағатты ойларымен бөлісті. Жастайынан қоғамдық жұмыстарға араласқан қарияның қолынан қаламы әлі де түскен емес. Жақында ғана «Дала патшасы» атты кітабы жарық көрді. Облыстық, республикалық басылымдарға Алаш, қазақ тарихы жайлы мақалалары жарияланып тұрады. Әр жылдары «Ата дауысы», «Бала даусы» атты естеліктер, өлеңдер мен толғаулар, «Абыз» оқшау ойлар дүниеге келді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik