bannersa207 bannersa208

     Ұ лытау топырағында дүниеге келіп, есімдері бүкіл иісі қазаққа танымал болған  жауынгер, жазушы, жалынды публицист Баубек Бұлқышев пен қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен орын алған жазушы, драматург  Мұқан Иманжановтың 100 жылдық мерейтойларына орай «Ұлытаудың ұландары – қазақ рухының қырандары» атты рухани-танымдық кеші 17 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы кітапханада қаламгерлер клубы мүшелерінің қатысуымен өтті. Рухани – танымдық кеш Қ.Құрмансейітовтың « Ұлытаулық ұландар» өлеңімен ашылды. Елдің абыройы мен намысын, азаттығы мен бостандығын қанымен, һәм қайратымен қорғап, қалам мәртебесімен асқақтатқан ұлы жұрттың ұландары туралы «Ардақтаған ел – жұртың, халқың сүйіп, Қос арыс, асқақтасын даңқың биік» атты бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның алғашқы құттықтау сөз кезегі Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының және С.Сейфуллин атындағы кітапхананың қаламгерлер клубының төрағасы Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлына берілді. Ұлытаулық ұландардың бір-біріне жазған хаттарынан үзінді оқылып, Б.Бұлқышевтің өлеңдері нақышына келтіріп оқылса, М.Иманжановтың әңгімесінен үзінді тыңдалды.Қазақстанда өткен «Bala Turkvizyon» байқауының жеңімпазы, Түркияда өткен «Bala Turkvizyon» байқауының гранд финалының алтын дауыс иегері Еркін Тұрсынхан жиналған көпшілік қауымды «Самға» әнімен қуантты. Мерейтой аясында «Ұлытаудың қос перзенті» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.Ұлытау перзенті, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы туған жерін қолына туғып ұстап майданға аттанған Баубек Бұлқышев туралы пікірін білдірді. Патриоттық бағытта бірнеше әндер шырқалды. Қос перзенттің ақ та, адал, мейірбан да сезімтал жүректері соғуын тоқтатқанмен, ол кісілердің жарқын бейнесі біздің және бізден кейінгі ұрпақтардың көкірегінде сол жарық сәуледей мәңгі нұрын шашады деген ниетпен кешті қаламгерлер клубының мүшелері түйіндеді. Ұлытау – құт - береке дарыған, бауыры байлыққа табиғаты тарихқа толы, ешбір ұлт пен ұлыстың ортағы жоқ қазақтың қасиетті қара шаңырағы. Бұл жер – ортақ қазан оттан түспей, елдің ырысы үзіліссіз қайнаған, халқымыздың киелі мекені.Тайжан Қалмағанбетов атындағы филорманиясының әншісі Исмаилов Руслан «Ұлытау» әнін тарту етті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Капкеева Шарипа Құрманқызы кешті қорытындылап, белсене қатысқан оқырмандарды марапаттады.

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ
1926 жылы Баку қаласында өткен «Бірінші Туркологиялық Құрылтайдың» төралқа мүшесі кім болған?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

QR код