bannersa207 bannersa208

     2016 жылдың 4 наурызында № 7 кітапхана-филиалында «Әйел-Ана, әйел Дана» атты мерекелік іс-шара №21 мектептің 5 «а» сынып оқушыларымен өткізілді. Кешті  ЖПТК 2 курс студенті Сарқытбек Әдеміау «Ана» әнімен ашып берді. Оқушылар аналарға арналып жазылған  М.Әлімбаев, Қ.    Мырзалиев,Ғ.Қайырбековтың өлеңдерін оқыды.

Оқушыларға аналары жайлы

1.Анаңды кішкене кезінде кім деп еркелеткен?

2. Сенің анаңның сүйікті түсі қандай?

3. Анаңның сүйікті тамағы қандай?

4. Анаңның туған күні қашан?

5. Анаң туған күніне қандай сыйлықты қалайды деп ойлайсың?

6.Анаңның сүйіп тыңдайтын әні?

7.Анаңның жасы нешеде?

8.Анаңның туған жері? атты сұрақтар қойылып оқушылар өз ойларын,аналары жайлы айтып берді.

Оқушылар 2 топқа бөлініп ана, қыздарға  арналған мақал –мәтел жарыстырды. Басқы сөздерді 1команда жалғасын 2-ші команда жалғастырды.

 

1. Ана бауырындағы бұлақ,  (бала жағасындағы құрақ).

2. Ата кеме, (ана-дария)

3.Ана біреу,( ағайын алтау).

4. Ананың сүті бал, (баланың тілі бал).

5.Ана тілегі балада, (бала тілегі далада).

6.Анасын көріп қызын ал, (аяғын көріп асын іш).

7. Қызым саған айтамын, (келінім, сен тыңда)

8.Ананың құшағы жылы, (күннің шуағы жылы)

9. Гүл өссе жердің көркі, (қыз өссе елдің көркі)

«Әлем әйелдермен әсем» атты кітап көрмесі  жалпы әйел затына арналған жазушылардың шығармалары қойылды.

 Сол кітаптар бойынша мынандай сұрақтар қойылып, кітаптар көрсетіліп тұрды.

1.Ғабит Мүсіреповтың қандай әңгімелерін білесіңдер? («Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Адамның анасы», романы «Ұлпан»)

2. Бейімбет Майлин («Әже», «Зейнештің серті», «Күлпаш», «Раушан коммунист»)

3.Міржақып Дулатовтың («Бақытсыз Жамал»)

4. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың («Қамар сулу»)

5. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы қандай кейіпкерлерді білесіңдер? (Абайдың әжесі Зере, анасы Ұлжан, Тоқжан, Әйгерім)

Сынып жетекшісі  Омарова Назым Калиевна аналар  мен қыздарды құттықтап,қыздарды инабаттылыққа  тәрбиелі болуға , тиісті екенін айтып өтті. Іс-шараға қатысқан 12 оқырман  Алғыс хаттармен марапатталды.

«Қыздар» тобы «Аққу биін билеп, Жанаділов Ерасыл, «Ана», Мұқтарқызы Айша «Ақ дидарлы анашым» ән дерін орындады.

Кітапханаға 12 оқырман жазылып, кітаптар жаздыртып алды.

 

 

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ
1926 жылы Баку қаласында өткен «Бірінші Туркологиялық Құрылтайдың» төралқа мүшесі кім болған?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

QR код