bannersa207 bannersa208

Кітап жүректі үлкейтетін, жанды тазартатын, сананы көркейтіп, адамның рухани шөлін қандырар қайнар көзі. Ақынды ақын еткен де, жаманды жақсы еткен де кітап. 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» атты оқырмандар сайысы С.Сейфуллин атындағы кітапхана, М.Әуезов атындағы кітапхана – филиалы, Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, №2 үлгілі кітапхана – филиалы, №9 үлгілі кітапхана – филиалы, №7 кітапхана – филиалдары оқырмандарының арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1.Визитка, 2. «Жаңа кітаптар әлеміне» жарнама, 3. «Білгенге маржан» сұрақ – жауап кезеңі, 4. «Шырқатайық шабытты» өнер кезеңі. Іс-шара аясында кітапхана оқырмандары дайындаған «Оқырман жаны –сыр сандық» көрме – дәмді тағам, «Әуестенсең әрнеге, ертең тұрар көрмеде» әуесқой-көрме, «Өнердің жүзіп өріне» көрме –шабыт, «Сүтте сансыз сыр бар» көрме –тағам, «Киелі өнер – қолтаңбасы» көрме – бұйым, «Бояулар сыр шертеді»  көрме- вернисаж көпшілік назарына ұсынылды.

Сайыстың қорытындысы бойынша : 1 дәрежелі Диплом:  Мұханбетжан Толқынай Арманқызы – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырманы (Жезқазған музыкалық колледжі), 2 дәрежелі Диплом:  Өтенов Айдос Аманжолұлы - №9 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Жезқазған индустриалды – гуманитарлық колледжі), 3 дәрежелі Диплом: Төлегенова  Ботагөз Серікқызы -№7 кітапхана –филиалының оқырманы (Жезқазған гуманитарлық колледжі), «Ұшқыр ой» номинациясы: Болатова Камшат  Қуанышқызы  – М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырманы. (Жезқазған музыкалық колледжі), «Талант- ұшқын»  номинациясы: Құттыбай Манара Қанатқызы – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы (Жезқазған политехникалық колледжі), «Мақсаты – биік» номинациясы: Уалинова Ирина - №2 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Жезқазған Тау –кен колледжі). Көрмелер шеруіне қатысқан оқырмандарға грамота мен сыйлықтар табыс етілді. Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты - білім,ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге аян. Сондықтан, еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін мәдени орталыққа айналып отырған бұл –Кітапхана. Рухани орданың басшысы  Шарипа Құрманқызы сайысты осылай қорытындылады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik