bannersa207 bannersa208

    13 мамыр күні Жамбыл Омаридің «Кетбұқа – жырау, аталық, қолбасшы» атты кітабы бойынша пікір алмасу өтті. «Сарыарқа» күйімен ашылған іс-шара, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған сазды-драма театрының артистері қойған «Кетбұқа» тарихи драмасымен жалғасты. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақмыс корпорациясының музейі және С.Сейфуллин атындағы  кітапхана «АТАЛЫҚ БИ, ҰЛЫ ЖЫРАУ - КЕТБҰҚА» атты көрмесін ұйымдастырды.

   Пікір алмасуға Бүкіров Төлеген Нұрмағанбетұлы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Бөлен Хансейіт Ыбрахымұлы – Ө.А.Байқоңыров атындағы университетінің  оқытушысы, қалалық маслихат депутаты, Сембинова Ләззат Әбілқасымқызы  – тарихшы- археолог, Әуезов Ғабдол Жанділдәұлы - тарих  магистрі, Смағұлов Сәкен Жақияұлы – «Нұр Отан» партиясының «Қазақмыс» корпорация жанындағы Қарағанды филилалының өкілі т.б. қонақтар қатысып өз ойларымен, Кетбұқа жайлы мәліметтермен бөлісті.

      Қазақтың  дәстүрлі 1000 күйі кітабына енген Кетбұғаның күйі: «Кетбұға» күйі тыңдалып, Сұлтанғали Ершат Жезқазған музыкалық колледжінің студентінің орындауындағы «Ақсақ құлан» күйі мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің  орындауындағы  «Сақ болғын» әні іс-шараның көркін аша түсті. Іс-шараны ОКЖ- сінің директоры Капкеева Шарипа Құрманқызы қорытындылады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар