bannersa207 bannersa208

     Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық  қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өтуіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар Кеңесінің басшылығымен ұйымдастырылып отырған   «Ақ oрамал» республикалық акциясын қолдау мақсатында С.Сейфуллин атындағы кітапханада  «Ақ жаулықты ардагер аналар» атты кездесу кешін өткізді. Кеште кітапхана – филиалдары атсалысты.

    Жезқазған  қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы құттықтау сөз сөйлеп іс –шараны ашты.   Кездесу кешіне арнайы шақырылған қонақтар – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналар мен бейнетінің зейнетін көріп отырған еңбек ардагерлері, зейнеткерлер. Олар: 

1. Бисембаева Зоя Есімсейітқызы – ұлағатты ұстаз, зейнеткер

2. Молдағалиева  Шүкір - ҚР Білім беру ісінің үздігі, зейнеткер

3.Кариева Кәбира Кариқызы – мәдениет қайраткері,  кітапхана саласының ардагері

 

4. Ыдырысова Рахыш Нәшкенқызы – ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, білім саласының ардагері           

 

5. Утебаева Сарсенкүл Әбләйісқызы  - көп балалы ана, зейнеткер

 

6.  Рашитова Ануара Елеуқызы – білім саласының қызметкері.

Кеште шағын көріністер көрсетіліп ән шырқалды. Іс-шараны  ОКЖ-сі директоры Капкеева Ш.Қ қорытындылады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар