bannersa207 bannersa208

     Жезқазған қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында  «Көк сандықшаның саяхаты» Халықаралық жобасының қарсы алу акциясы өткізілді.

            Бұл жобаның мақсаты: балаларға «Көк сандықтағы» кітаптарды дауыстап оқып беру, интеллектуалды ойын ойнап, оқыған ертегілерінің кейіпкерлерін суретке салып пікірлер жазу. Жас оқырмандардың кітапты оқуға, суретке қызығушылығын арттыру .

            Қарағанды облысының 7 қаласымен 7 ауданды аралаған «Көк сандықша» Жезқазған қаласына Сәтбаев қаласы  табыстаған болатын.

Акцияны Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Капкеева Шарипа Құрманқызы ашты.

«Көк сандықшаның саяхаты»  жобасымен таныстыру мақсатында іс-шараға қала мен мектеп кітапханашылары, ата-аналар, оқырмандар шақырылды.  

Кітапханашылар сахналық қойылыммен қазақ батырлары кейпінде «Көк сандықшаны»  ортаға алып шықты. Батырлардың соңынан ертегі кейіпкерлері Қаңбақ шал  мен Дәу  келіп, көрермендерге «Көк сандықшаны» ашты.

Кітапхана меңгерушісі Роза Абылханқызы қонақтарға «Көк сандықтың» Германиядан бастама алып, 2007 жылдан бастап, 7 жыл Ресейде саяхаттап, Қазақстанға ең бірінші болып Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына, одан  Павлодар облысында болып, Қарағандыға 2014 жылдың 16 наурызында әкелінді  деп тарихын айтса, кітапханашы Ғалия Құрманқұлқызы   «Көк сандықша» бізде екі ай бойы болып, біздің жас оқырмандар сандықтағы кітаптарды оқып, пікірлерін жазып, кітаптағы кейіпкерлермен танысып, сурет салып, әлемдік, Қазақстанның ақын – жазушыларының шығармаларымен танысады деді. 

Іс-шарада «Айналайын» балабақшасының  кішкентай  тәрбиеленушілері «Самаурын» биін билесе, №26 гимназиясының 3 сынып оқушылары «Шұбар тауық» ертегісінен сахналық қойылым қойды.

Сондай–ақ Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 2 «А» сынып оқушылары кітапхана, кітап туралы өлеңдерін оқып, ән салып, «Үш аю» ертегісіне қойылым қойып, өз таланттарымен көрермендерді тәнтті етті.

Іс-шара барысында Қаңбақ шал балаларға тілегін айтып, батасын берді. Жезқазған қаласының бейімдеу орталығының балалары  «Көңілді екі қаз» әніне қойылым қойса,  №8 гимназия оқушылары «Алдар көсе» ертегісіне  сахналық қойлым көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

Акция соңында Шарипа Құрманқызы өнер көрсеткен оқырмандардың жетекшілеріне, яғни «Айналайын» балабақшасының әдіскері Нұрлыкүн Сапарғалиқызына, №7 мектеп –лицей 2 «А» сынып ұстазы Гүлизат Қорабайқызына, Бейімдеу орталығының тәрбиешісі Бану Задинқызына,  №26 гимназия 3 сынып ұстазы Шахова Анна Александровнаға, №8 гимназия кітапханашысы Балхия Боташқызына Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

«Көк сандықша» оқуды дамыту бағдарламасы бойынша қаламыздағы  балалармен жұмыс жүргізетін кітапханаларға, мектептерге, балабақшаларға өзінің саяхатын  жалғастырады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik