bannersa207 bannersa208

         Қазіргі таңда елімізде еңбекші адамға құрметпен қарап, оларға үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп жатады. «Еңбек түбі –береке»,- деп қазақ халқы бекерге айтпаған ғой.

         Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні деп жарияланды.Сонымен қатар 1 қазан ұстаздар күні. Осыған орай  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында  «Мамандығым-мақтанышым» атты кездесу кеші  ұйымдастырылды. 

         Кеш  еңбек адамы Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып жетекшісі, ұстаз, аяулы жан Абишева Айткүл Мағзумқызына  арналды.

Кітапханышы  оқырмандарға  Айткүл Мағзумқызының  сапалы білім мен саналы тәрбие  бере отырып, тәжірбиесінде түрлі методикалық тәсілдер қолдана білетін ұстаз және  бірнеше рет қалалық, облыстық семинарларға жасаған баяндамалары мақтау қағаздарымен марапатталғаның айтып, ұстаздың еңбек жолымен таныстырды.

Сөз алған  Айткүл Мағзумқызы оқырмандарға  өз қаламынан туындаған өлең жолдарын оқып,  өз  шәкірттері бүгінде  қоғамдық еңбекке араласып, түрлі ел қамын ойлайтын басшы қызметте екенін қуана айтып берді.  Кешке келген ата-аналар Сейілова Роза  және Рахметова Гүлзада өз балаларының ұстазы туралы жылы лебіздерін, тілектерін жеткізді. 

Сонымен қатар, №7 мектеп-лицейінің 3 сынып оқушылары мамандық жайлы жаттаған өлең жолдарын мәнерлеп оқыса,  Серікбай Бексұлтан  Ақтамберді жыраудың өлеңін нақышышна келтіріп орындады. «Әке-ана» әнін Ершат, Әдемі, Дарын айтса, «Еркем–ай» мен «Мишка Гуммер» биін бір топ қыздар биледі. Ұстазға Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-сінің балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Роза Абылханқызы Нұрышева құттықтау сөз сөйлеп, ОКЖ-нің басшысы  Капкеева Ш.К. атынан «Алғыс хат»  табыстады.                                                                                                                                                                                                                                            

                 

     Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-нің

    Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының

    кітапханашысы:                                                                  Қожырбаеава Құралай

  

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik