bannersa207 bannersa208

 

       Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Бір ел – бір кітап» акциясы  халқымыздың рухани байлығына, халықтың игілігіне айналды. 2016 жылы қазақстандықтар қазақ даласында отарлау саясаты күшейген кезеңдегі тегеурінді көріп, күңіренген зар заман дәуірінің бас ақындарының бірі  Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» атты жыр жинағын оқуда. С.Сейфуллин атындағы кітапханада шоқтай жанған шоқтықты жырларымен өз заманының шежіресіне айналған, екі жақты езгіге түсіп, етегі  көз жасына көл бөп толған қайғылы халқын уатып, санасына сәуле сеуіп, қуат дарытқан, нөсердей сорғалаған сезімді жырларымен шаршамай, шалдықпай бүгінге жеткен, шашасына шаң жұқпас жыр сәйгүлігі – Дулат Бабатайұлына арналған «Елдік пен еркіндіктің жыршысы» атты тағылым алаңы өтті. Дулат жыраудың қазақ әдебиетінде өз биігінде танылуына, оны бүгінгі ұрпаққа қауыштыруда өлшеусіз еңбек ететін, олар - тәлім мен тәрбиенің бастау бұлағы – білім беру ошақтарындағы ұстаздар. Іс-шараның қонағы ретінде  №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Түсіпова Торғын Бекенқызы шақырылды. Тағылым алаңын Жезқазған музыкалық колледжінің студенті Бекжігіт Үсен Дулат Бабатайұлының образын сомдап, «Айтқызбасымды айтқыздың» өлеңімен ашты. №1 орта мектебінің оқушылары  Нұрмаханов Біржан мен Нұрахмет Мейрам Дулат жырауға арналған арнау оқыды. Жезқазған музыкалық колледжінің студенті Сыздықов Жандостың орындауындағы  Жәнібектің толғауы көрерменнің көңілінен шықты. Дулат – шебер суреткер. Мазмұнының терең мәнділігімен, адам портретін берудегі сатиралық шеберлігімен ерекшеленетін арнау өлеңдерін №1 орта мектебінің оқушылары Бөлекбаева Жанар,  Жүрсін Айғаным,  Сайлауова Аружан нақышына келтіріп оқыды. Жезқазған музыкалық колледжінің студенттері Жайлыбай Азиз бен Сайдалина Динара күмбірлете күй тартса, Мақсұтов Мадияр халық әні: «Баянауылды» шырқады. Ойы тұнық, сөзі асыл Дулат Бабатайұлының өлеңдерін  №1 орта мектебінің оқушылары Тасқараева Балжан, Әбдікәрім  Айкүміс, Шоқан Кәмила оқыды.«Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады» - дейді,  Баубек Бұлқышев. Осы іс-шара аясында, ұлттық рухтың ұлы жыршысы Дулат Бабатайұлына арналған «Дуалы ауызды – Дулат ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы ойдың тұнық ажары таным мен талғамның биігінен басталады. Ақын сөзінің асыл жарқылы парасат пен пайымның осындай көзінен таралады. Мұндай асқар биіктен басталып, мұндай жарық көзден таралған жыр келер ұрпақ, өсер өркен үшін де ардақты һәм аяулы болып қала бермек. Тағылым алаңын Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Капкеева Шәрипа Құрманқызы түйіндеп, қатысушыларды марапаттады. 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik