bannersa207 bannersa208

    № 9 үлгілі-кітапхана филиалында Қазақтың көрнекті ақыны, Көкшетау, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың 85 жыл мерейтойына орай «Қазақтың жезқанатты жезкиігі» атты электронды презентациямен сүйемелдеген кеш өтті. Кешке журналист-жазушы Шамхан Қыстауұлы Рахметов, кітапхана оқырмандары қатысты.  «Өрлеу» клубының мүшелері: Айгерім Махамбетова, Толқын Ибрагим, Ермұхан Шәріпбаев, Гүлім Ермекбаева ақынның  «Дала», «Ұлытау», «Жезқазған-жер асылы», «Астанада ЕХПО- 17 көрмесі» өлеңдерінен әдеби монтаж оқыды. Кезінде журналист Шамхан Рахметовтың «Ақын Тайжан» дипломдық жұмысына үлкен баға берген

К. Салықовтың өзі болатын. Сол кездесуді Шамхан Қыстауұлы үлкен толғаныспен еске алды. Кеште ақынның «Жезкиік», «Аққу жеткен», «Кездесу мен қоштасу» танымал әндері айтылды. «Заман сыры» бейнеролик көрсетіліп,  «Жауһар жырлар, мөп-мөлдір сырлар» кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын шығармашылығы насихатталды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар