bannersa207 bannersa208

Жас  қаламгер  Ернұр Сейдахметтің есімі аймағымызға  ғана емес, республикаға таныла  бастаған балалар ақыны.

       Осыған орай,  Орталықтандырылған кітапхана  жүйесінің   Балалар мен   жасөспірімдер    кітапханасында,   Республикалық  Балаларға арналған  «Астана-Бәйтерек» ,  Халықаралық «Дарабоз - 2012»     байқауларының жеңімпазы,    сонымен қатар,    «Күлші, кәне балақай», «Қашан үлкен боламын», «Тентек доп»  атты кітаптардың авторы, жергілікті балалар  ақыны Ернұр Сейдахметтің  шығармашылығына арналған  « ... Сол  кітап бек  ақылшы күнде маған...»  атты сыр отау кеші  ұйымдастырылды.

      Кешті  кітапханашылар Қожырбаева  Құралай,  Искакова Сауле  және оқушылар  Қаражігітова Қарлығаш пен Жұмабаева Айсұлу     жүргізіп отырды.

     Сондай –ақ,  іс шараға №7 мектеп-лицейінің 4 «ә»  сыныбы сынып жетекшісі Жанбаева Ақжарқын,  «Ертөстік» балабақшасының қазақ тілі маманы Байдаралинова  Эльмира қатысты.

        Балаларға ақының танымал жазушылармен түскен суреттері, студенттік шағы, шығармашылығы  туралы слайд көрсетілді.    Ортаға  бір топ оқушылар шығып  «Еркем ай»   биін билесе,  Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармония әншілері  Айғожина Әсел мен Нығматуллина Нурия  әнннен  шашу шашты.       

        Балалар  ақынның  «Тентек доп»  кітабындағы  өлең жолдарын мәнерлеп айтты.   Оқушылар Қарлығаш  Қаражігітова, Айсұлу Жұмабаева, Мирас  Әзірәлі,  Нұртөре  Бапаш,  Шапағат Мэлс  Ернұр ақынға өздері арнап  шығарған   өлең жырларын арнады.

       Жүргізушілер  ақынды ортаға шақырып  блиц- сұрақтар қойса, қатысқан балалар ақынға сұрақтарын жаудырды.   

 « ... Сол  кітап бек  ақылшы күнде маған...»  атты   кітап көрмесіне     «Арқадағы арда жыр» - «Сарыарқа кітапханасы»    сериясымен    шыққан,    «Тәтті алма»   атты  балаларға арналған   көркем   шығармалар   жинағы  және   «Жүлде алған шығармалар» атты топтамасындағы   «Кәусар бұлақ» ,  «Чистый родник» сияқты    ақынның   өлеңдері мен  балаларға    арналған  туындылары мен баспасөз беттері  қойылып, кітапханашы Қожырбаева Қ.   шолу  жасады.   

        Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі  Роза Абылханқызы Нұрышева және Ғалия Құрманқұлқызы,   Жанбаева   Ақжарқын ,   Байдаралинова    Эльмира  құттықтау сөз сөйледі.

     Кеш соңында, балалар ақынға әріптерден құралған «Шығармашылық табыс тілейміз !»  деген жақсы тілек сөз  арнады. Ақын балалардың ұсынған кітаптарына қолтаңба жазып, кітапханашыларға алғысын білдірді.

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik