bannersa207 bannersa208

     Қазақстан Республикасының  Ұлттық Ұланының құрылғанына  25 жыл толуына  байланысты ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер  кітапханасында «Қауіпсіздік қалқаны» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: балалардың  Отанға деген сүйіспеншілігін, елін, жерін, халқын қас қақпай қорғап, әскерлік айбынды сезімдерін  түсіндіру. Іс-шараға қонаққа  Жезқазған қаласының қорғаныс істер басқармасының  маманы Ержан Қалдашұлы , №1 орта мектептің  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Дархан Қадырұлы және  оқушылары қатысты. Ержан Қалдашұлы оқушыларға әскери қызмет пен әскери өмір туралы мағлұмат берсе, Дархан Қадырұлы әскерге барған кезден бастап, қазіргі ұстаздық қызметі, оқушылармен бірге атқарылатын әскери дайындықтарға тоқталды. Оқушылар өздерінің  көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алып, қанағаттандырылды.

            Кітапхананың оқырман залында «Қауіпсіздік қалқаны»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Сарбаз» сериясымен шыққан  К. Аманжоловтың «Қазақстан әскери тарихы», «Әскери терминдердің түсіндірме сөздігі», «Саптық әмірлер, рапорттар, әскерилердің қарым-қатынас сөздері», «Алғашқы әскери дайындық» мен «ҚР Ұлттық ұланға – 25 жыл» тақырыптық папка т.б кітаптар қойылып, библиографиялық шолуды   кітапханашы Рахаева Ғ. өткізді.

Іс-шараға қатысқан әскери маман өкілдеріне алғыс білдіріп, аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне табыс, отбастарына амандық, бейбіт ғұмыр тілей отырып танымдық сағатты аяқтадық.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik